Кәсіпқой бокс • 26 Қыркүйек, 2017

Дычконың алғашқы қарсыласы белгілі болды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы анықталды.

Дычконың алғашқы қарсыласы белгілі болды

27 жастағы қазақстандық алғашқы жекпе-жегін 29 қыркүйек күні АҚШ-тың Даллас қаласында өткізеді. Оның қарсыласы – америкалық Эйбур Райт. Кездесу төрт раундқа есептеліп отыр.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов пен Иван Дычко осы жылдың басында MJA Entertainment компаниясымен келісімшартқа отырған. Алайда, компания басшылығы өз уәделерін орындамауына байланысты қос боксшы келісімшарттарын бұзған болатын.

Осыдан кейін Данияр Елеусіновтің ұлттық құрамаға оралатыны хабарланса, Иван Дычко маусым айында америкалық The Heavyweight Factory компаниясымен келісімшартқа қол қойды.