Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2017

Павлодарда қалалық №1,№2 емханалар сатылады

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ал, алдағы уақытта облыстық диагностикалық орталық та электронды саудаға шығарылады. 

Павлодарда қалалық №1,№2 емханалар сатылады

№1 емхананың құны  бастапқыда 224 миллион теңге, №2 емхананың құны 347 миллион теңгеге бағаланған-ды. Облыс орталығындағы №1 қалалық емханасында 69 мың адам, №2 емханада 65 мың тұрғын тіркелген. 

Сөйтіп, 21 қыркүйекте өткен электронды аукцион нәтижесінде емеханалардың бірі 900 миллион теңгеге, екіншісісі 950 миллион теңгеге сенімді басқаруға берілді. Яғни, емханаларды сатып алуға болады. Денсаулық сақтау нысандарын сатып алушылар сенімді басқару кезінде емханалардың бұрынғы бағытын сақтауы, жалпы медициналық көмектің кепілді көлемі аясында қызмет көрсетуге міндеттеледі. Бірақ, облыстық қажы басқармасында емханаларға  сенімді басқаруға беру  туралы келісімшарт әзірге жасалмаған көрінеді. 

Екі емхананың  болашақ иелерінің де кім екендері белгісіз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жаңашыл  қадам, өзгерістер тұрғындардың денсаулықтарын одан әрі жақсарту мақсатында жасалуда.Екіншіден, алдағы уақытта бәсекеге қабілетті ортада өз орнын сақтап қалу үшін емхананы жекешелендіруге алған инвесторға қосымша қаржы салып, қымбат құрал-жабдықтар сатып алуға және ақылы қызметтер тізімін арттыруға да тура келеді деп отыр.

Электронды саудаға шығарылған диагностикалық орталық алдағы 20 күн аралығында тағы да комиссия шығарып, сатылымға қойылмақшы. Екінші рет электронды саудаға шығарылған кезде алушы оның құнын бастапқы бағасынан 50 пайызға дейін төмен бағаға сатып алу мүмкін.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар