Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2017

Оралда «WESTKAZINVEST-2017» IV халықаралық инвестициялық форумы өтеді

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы орталығында жыл сайынғы “WestKazInvest-2017” халықаралық инвестициялық форумы 27-28 қыркүйекте төртінші мәрте өткелі отыр.

Оралда «WESTKAZINVEST-2017» IV халықаралық инвестициялық форумы өтеді

Форумның мақсаты – іс-шара қонақтары мен кәсіпкерлерді Батыс Қазақстанның экономикалық жетістіктерімен, инвестициялық әлеуетімен және нақты инвестициялық жобаларымен таныстыру. Бұл алаң Батыс Қазақстан облысының компаниялары мен өз бизнесін кеңейтіп және жаңа нарықтарға шығуға ниетті шетелдік компаниялар арасында өзара тиімді серіктестікті құру үшін ұйымдастырылған. Мұнда форум қатысушыларына біріккен кәсіпорындарды құру және өз мүмкіндіктерін презентациялау үшін жергілікті компанияларды табу және танысу мүмкіндігін ұсынады.

Форум аясында «Қазақстан-Ресей. Өңірлердің шекаралық серіктестігі» атты көрме ұйымдастырылып, «Мұнай газ секторы – өнеркәсіпті дамыту драйвері», «Агроөнеркәсіптік кешен: Даму. Өңдеу. Экспорт» және «Бизнестің даму институттары мен халықаралық қаржы ұйымдарына қолдау көрсету құралдары» мәселелеріне арналған үш панельдік сессия жүргізілетін болады. Сондай-ақ форум алаңында Батыс Қазақстан және Орынбор облыстары кәсіпкер әйелдерінің кездесуі және Оралдың сауда желілері өкілдері мен ауылшаруашылық өндірушілері және өңдеушілері іскерлік кездесулер өткізеді. Форум алаңдарында денсаулық сақтау, менеджменттің біріктірілген жүйелері, оларды Бірыңғай Еуропалық экономикалық кеңестікте қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылатын болады.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

«Егемен Қазақстан»