Ұлттық спорт • 26 Қыркүйек, 2017

Оралдық жас садақшылардың жеңісі

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында садақ атудан өткен Қазақстан Республикасы кубогіне Астана мен Алматы қалаларынан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 126 садақшы қатысты.

Оралдық жас садақшылардың жеңісі

Бұл жарысқа Батыс Қазақстан облысынан тек жасөспірімдер командасы қатысқан болатын. Соның өзінде жас садақшылар айтарлықтай нәтиже көрсетті. Сайыс нәтижесінде М-1 (90+70+50+30 метр) жаттығуы бойынша оралдық Артем Костин - 1 орын, Манас Қуанышқалиев - 3 орын, Анара Волобуева - 1 орын, Талшын Құсайын - 3 орын, Шамиль Сагутдинов - 3 орын, Альбина Жамилова - 1 орын иеленді.

Ал «Команда mix» жаттығуы бойынша А.Костин мен А.Волобуева - 1 орын, М.Қуанышқалиев пен Т.Құсайын - 3 орын, Ш.Сагутдинов пен А.Жамилова - 2 орын жеңіп алған. Сөйтіп жасөспірім ұлдар арасында БҚО командасы – 1 орынға, қыздар командасы – жүлделі 2 орынға ие болған.

«Олимпиадалық айналым» жаттығуында Әлихан Мұстафин – 2 орынға, Манас Қуанышқалиев пен Анар Волобуева – 2 орынға шықса, Шамиль Сагутдинов – 1 орын, Альбина Жамилова – 2 орын иеленген.

Ал «Команда mix» жаттығуы бойынша жұптасып өнер көрсеткен Ш.Сагутдинов пен А.Жамилова жеңімпаз атанса, А.Костин мен А.Волобуева - 3 орынға тұрақтаған.

Сайыс қорытындысында Альбина Жамилова спорт шебері нормативін орындады.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

«Егемен Қазақстан»