Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2017

Құман Тастанбеков: Латын әліпбиі мемлекеттік тіліміздің аясын кеңейтеді

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Бо­лашаққа бағ­дар: рухани жаң­ғыру» атты бағдар­ла­масында ай­тылған рухани жаңғыру мен заманауи ілгерілеудің жүгенін тартып ұстасып, жүгін қатар көтерісетін азамат тәрбиелей алу мен білімді, жан-жақты ұрпақ өсіру барысында ана тілдің атқарар міндеті ерекше.

Құман Тастанбеков: Латын әліпбиі мемлекеттік тіліміздің аясын кеңейтеді

Ұлтына қызмет жасап жүрген ұрпақтың көкірегінен ана тілі сайрап тұрса, одан ел ертеңін ойлайтын азаматтың көптеп шығары анық.

Біз игі бастама деп түсінетін, латын әліпбиінің енгізілуі мемлекеттік тіліміздің қолдану аясын кеңейтеді деп ойлаймын. Еліміздің әлемдік қоғамдастықпен қатынасын нығайтуға ықпал етеді деген сенімдемін. Мұның барлығы өскелең ұрпақтың келешегі үшін жасалатын қадам. Елбасының «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс», «Жаңғыру елдің ұлттық – рухани тамырынан нәр алуы керек» – деген сөздерінің астарында ел мүддесін басты құндылық деп бағалау жатыр. Ендеше, бұл сүбелі ойды барлығымыз да қолдауға тиіспіз!

Құман ТАСТАНБЕКОВ,
Қазақстанның халық әртісі

АЛМАТЫ