Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2017

Ел ардағына екі ән арнады

349 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көкшеліктердің көрші­леріне арнаған мұнан басқа да сыйы бар екен. Осы театр­дың актері Құмарбек Қалқа­таевтың, Қойшыбек Нарбаев­тың сөзіне жазылған «Қазақ­тың Кәмшаты» және Қара­тай Төлекеевтің сөзіне жазылған «Кәмшат апам» атты әндерінің тұсаукесері өтті. 

Ел ардағына екі ән арнады

Даңғайыр диқан, механизатор, Социалистік Еңбек Ері, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты, бірнеше ордендердің иегері Кәмшат Дөненбаеваның есімі кезінде тек Қазақстан ғана емес, одан да тыс жерлерге мәлім болды. Кәмшат қазақ халқының мақтанышына, жастардың үлгі тұтар тұлғасына айналды.

– Кәмшат апа туралы кезін­де журналистер очерктер, Фа­­риза апамыз кітап та жазды, деректі фильмдер түсі­рілді, ақындар өлеңін арнады. Бірақ ән жазыла қоймаған екен. Осы олқылықтың орнын толтыру көптен ойымда жүретін. Сол мақсатыма жет­кен­деймін, – деді әннің авторы. «Қазақтың Кәмшаты» әнін көкшелік әнші Рашида Ға­лы­мова орындады. Екінші әнін автор көрермендерге өзі тарту етті. 

Бүгінде жетпістің үшеуіне келіп, немерелерінің ортасында жүріп жатқан Кәмшат апаның өнегелі өмірі жастарға үлкен үлгі.

– Көкшелік өнерпаздардың Қостанайға бұл жолғы сапары біздің отбасымызға да ерек­ше қуаныш сыйлады. Біз­дің анамызға арналған бір емес, екі әннің тұсауы кесілді. Анамыздың қуанышын, әннің авторына, орындаушысына айтқан алғысын көрермендерге жеткізгім келеді,–деді Кәмшат апаның келіні Ақмарал Дөнен­баева. 

Облыстық мәдениет басқар­масы басшысының орынбасары Роза Олжабаева жақсы әннің ел игілігі екенін айта келіп, Кәм­шат Дөненбаева туралы жаңа ән алдағы уақытта жастарға арнал­ған шараларда орындалатынын, қостанайлық әншілердің де репертуарынан орын алатынын айтты. 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ