Бизнес • 29 Қыркүйек, 2017

Кәсіпкерлікті қолдау нормалары толық іске аспай отыр

389 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті (ШОБ) қол­дау қажеттігі жөнінде үнемі ай­тып отырады.

Кәсіпкерлікті қолдау нормалары толық іске аспай отыр

Экономикасы да­мыған елдердің бәрінде ішкі жал­пы өнімнің кем дегенде 50 пай­ызын осы ШОБ өнімдері құ­райды. Біздің Президентіміз де 2050 жылғы мерзімге дейін ІЖӨ-нің 50 пайыздық көлемін ШОБ өнімдерінің құрауына қол жет­кізу керектігін нақты айтып, Үкіметтен осы бағыттағы жұ­мыс­тарды жеделдетуді талап ет­ті. Кә­сіпкерлікті реттейтін ең негізгі заң­намалық құжат – Кә­сіп­кер­лік кодексінде де осы бағытқа то­лықтай бір тарау арналып, ШОБ-ты қолдауды реттеудің мә­се­­лелері қарастырылды. 

Өкінішке орай, осы кодекстің қабылданғанына бір жарым жыл өтсе де оның барлық нормалары өмірде орындалып отырған жоқ. Мәселен, кодекстің 98-бабында Үкімет мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес шағын және орта бизнес субьектілерінен сатып алатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) номенклатурасын және көлемін бекітеді делінген. Отандық өнім шығарушыларға же­ңілдікті қарастырған заңның осы нормасы ШОБ үшін өте ма­ңызды. Бұл норма тіпті біз мү­шесі болып енген ДСҰ-ның талаптарына сәйкес жазылып, ШОБ-ты қолдау жөніндегі преференцияларды қарастырған. Іс жүзінде осы преференцияларды отандық ірі компаниялар ғана қолдана алып отыр, өйткені ШОБ өз өнімдерін алыс шетелдерге, соның ішінде Америка мен Еуропа елдеріне шығара ал­майды. Әрине, осы тұрғыдан ал­­ғанда аталмыш норманың ірі кә­­сіп­керлік үшін маңызы зор. Алай­да, аталмыш норманың та­лаптары ШОБ-қа қатысты қол­данылмай, мемлекеттік сатып алу жүйесінде шағын және орта бизнес өнімдерінің номенклатура­сы әлі күнге жасалмай отыр. Дәл осындай жағдай ква­зи­мем­ле­­­кеттік секторда да орын ал­­ған. Бұл заңнаманың та­лап­­та­рын орын­­­да­мау ғана емес, Қазақ­стан­­ның ұлт­тық эко­но­ми­ка­лық мү­д­де­­сіне қарама-қай­шы­лық деп са­нау­ға болады. 

Осыған байланысты «Ақ жол» де­мократиялық партиясы фрак­ция­сының мүшелері Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа төмендегідей талаптар қойылған сауал жолдады:

1) Үкімет актісінің деңгейінде мем­лекеттік сатып алулар қата­ры­на шағын және орта бизнес субьектілері өнімдерінің номенклатурасы жасалып, бекітілсін; 

2) Дәл осындай номенклатура квазимемлекеттік сектор үшін де жасалсын; 

Осы сауалға «Ақ жол» дем­ок­ра­тиялық партиясының Мә­жі­лістегі фракциясының барлық мү­шелері қол қойды

Дания ЕСПАЕВА,
Мәжіліс депутаты