Бизнес • 29 Қыркүйек, 2017

Электронды сауданың өрісі кеңейеді

227 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халал стандартына негіз­дел­ген, премиум-санат­қа жататын эксклюзивті өнімдерді ұсы­натын Aladdin Group компа­ниясы Орталық Азиядағы элек­тронды сауда-саттықты тү­бірімен өзгерту үшін Қазақстан­да www.aladdinstreet.com.kz платформасын іске қосты. 

Электронды сауданың өрісі кеңейеді

Осылайша тек халал тауарлармен айналысатын әлемдегі тұңғыш интернет-дүкен Орталық Азияның шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлері әлемдік нарыққа шығуы үшін халықаралық электронды платформасын ұсынып отыр. Үлкен қарқынмен  дамып келе жатқан нарықтардың бірінде қызмет жүргізіп отырған Aladdin кеңселерінің желісі 4 миллиардқа жуық тұтынушысы бар 30 елде орналасқан. Осының ар­қа­сында платформа сатушыларға жергілікті қолдау көрсетіп, қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етіп отыр. Бұл компанияның мақсаты да, міндеті де – халал стандартына сәйкес өндірілген жоғары сапалы өнімдерді ұсынатын әлемдегі ең ірі электронды  нарыққа айналу және де таяу болашақта ең кірісті он электронды плафторманың қатарына ену. Ал Aladdin Street Central Asia - Aladdin Group және «Nurali Group» ЖШС сынды екі компанияның мажоритарлық қатысуымен құрылған бірлескен компания. Компанияны табысты кәсіпкер, компанияның ортақ құрылтайшысы және директорлар кеңесінің төрағасы – Дато Берікқазы Сексенбаев пен Алмаз Түбеков сынды тәжірибелі менеджерлер тобы басқарады. Aladdin Street Central Asia компаниясының төрағасы және құрылтайшысы Дато Сексенбаев 659-ден аса жанкүйері бар әлемдегі ең ірі әрі табысты футбол клубы саналатын Manchester United FC-мен айрықша құқық негізінде жаһандық серіктестік құрғанның арқасында, сатушылар мен сатып алушылар Aladdinstreet жаһандық желісінен пайда таба алатындығын айтады.

Оның ойынша Aladdin Street халықаралық желісі арқылы Қазақ­станның ғана емес, бүкіл өңірдің экономикасын дамытуға болады.

Халал стандартына негіздел­­ген халықаралық электрон­ды плат­форманың қазірге бәсе­келес­­­тері жоқ. Ха­лал сертификаттау орта­лық­та­ры­мен, мемлекеттік мекемелермен, бү­кіл әлемдегі сауда және іскерлік бір­лес­тіктермен, қар­жы институттары­мен ынты­мақ­та­­суымыз арқасында сатушылар мен жеткізушілер нарыққа тікелей шығып, толағай табысқа жетуге мүмкіндік алып отыр. 

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ