Бокс • 29 Қыркүйек, 2017

Головкин мен Альварес барлық допинг-сынамадан таза шықты

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерікті антидопингтік агенттіктен (VADA) алынған Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) ақпаратына сәйкес, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес 16 қыркүйектегі айқасқа дейін және айқастан кейін допинг-сынамадан сәтті өтті, деп хабарлайды Sports.kz. 

Головкин мен Альварес барлық допинг-сынамадан таза шықты

VADA-ның қолдауымен WBC «Таза бокс» бағдарламасын енгізді. Аталмыш бағдарлама Бүкіләлемдік бокс федерациясының жеңімпаздары мен чемпиондарын алдын ала ескертусіз допингке қарсы сынамадан өткізеді, тіпті былғары қолғап шеберлерінің жоспарланған жекпе-жектері болмаса да.  Алайда, «Канелоның» WBC-ге еш қатысы жоқ, Golden Boy Promotions компаниясы өзінің негізгі оқиғаларына  допинг-сынама хаттамаларын жасау үшін VADA-ны жиі шақырады.