Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2017

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райына болжам жасады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Синоптиктердің болжамынша, сенбі күні республиканың батысы мен солтүстік аймақтарында күн салқын әрі ала бұлтты болады, жаңбыр жауады.

Оңтүстік өңірдің басым бөлігінде, әсіресе таулы аймақтарында жауын-шашын болады. Тек батыс, оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс және солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді. Солтүстік, оңтүстік және орталықта кей жерлерде тұман болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Ал Оңтүстік Қазақстанда тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі бар.