Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2017

ШҚО-да күн электр стансасы салынады

721 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанда күн энергиясын пайдалану жолға қойылады. Өңір басшысы Даниал Ахметов пен Испанияның ARESOL компаниясының атқарушы директоры Диего Луазес облыста күн электр стансасын құру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

ШҚО-да күн электр стансасы салынады

2018 жылдың наурызында Жаңғызтөбе ауылында қуаты 30 мВт болатын күн электр стансасының құрылысы басталады. Диего Луазестің сөзіне қарағанда, Шығыс Қазақстан жақсы күн инсталляциясы мен «ШҚ ӨЭК» желілерінен энергия тарту мүмкіндігі жоғары болғандықтан мейлінше қолайлы өңір ретінде таңдалып отыр. «Жоба құны шамамен 43 миллион АҚШ доллары. Қазір инвестиция тарту мәселелері қарастырылуда. Ең алдымен, ол ARESOL компаниясының өзі болады», - дейді компания басшысы.

Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл идеяға қолдау білдіріп, оны жүзеге асырудың жол картасын әзірлеуді сұрады. Алдағы уақытта жоба дәстүрлі электрмен қамтамасыз ету жүйесімен бірге баламалы энергия көзін де тұтыну мүмкіндігін береді. Жоспар бойынша, күн электр стансасы шамамен 11 мың үйді электрмен қамтып, атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газын 15 тоннаға азайтады.