Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2017

TWESCO жобасы халықаралық жүлдеге ие болды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) «Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты археологиялық жобасы Мимар Синан атындағы халықаралық жобалар байқауының «Дизайн және идеялық жобалар» санатында жеңімпаз деп танылды, деп хабарлайды TWESCO сайты.

 

TWESCO жобасы халықаралық жүлдеге ие болды

Түркі әлемі инженерлері мен сәулетшілер одағының ұйымдастыруымен 4 жылда бір рет өткізілетін халықаралық жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Кайсери қаласында болды.

Түркияның Қоршаған орта және қала құрылысы министрлігінің қолдауымен өткен салтанатты жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Түркі әлеміне қызмет ететін ұйымдар өкілдерімен қатар, 36 мемлекеттен келген сәулет-құрылыс саласының үздіктері қатысты. Академия жүлдесі ұйымның тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаевқа табыс етілді. Қатысушыларға TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлінің құттықтау сәлемін жеткізген А.Кесікбаев Түркі академиясының қызметі мен іргелі жобалары жөнінде баяндап, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Айта кету керек, байқау нәтижесінде «Астана Экспо-2017» көрмесі «Қала құрылысы» номинациясында жеңімпаз атанды. Жалпы, байқау «Транс-құрлықтық ірі жобалар», «Инженерлік және сəулет жобалары», «Қала құрылысы», сондай-ақ «Дизайн жəне идеялық жобалар» номинациялары бойынша өтті.