Алматыда Шерхан Мұртаза атындағы бильярд турнирі өтті

Халық жазушысы, қоғам қайраткері, сөз өнерінің наркескені атанған өткір тілді қаламгер, қазақтың Шер-ағасы – Шерхан Мұртазаның 85 жылдық мерейтойына орай, Алматыда «Егемен Қазақстан» кітапxанасы сериясымен шыққан «Намыс найзағайы» кітабының тұсаукесері және Түркияда түрік тілінде жарық көрген «Ай мен Айша» кітабының таныстырылымы, сондай-ақ, қаламгерлер арасында Шерхан Мұртаза атындағы бильярдтан дәстүрлі турнир өтті.  

Егемен Қазақстан
30.09.2017 20481

Тәуелсіздіктің елең-алаңында еліміздің бас басылымын басқарған, «редакторлардың редакторы» атанған Шерхан Мұртазаның он жыл ішіндегі газет бетіне жарияланған сұхбаттары, мақалалары, эсслері, ой-толғаныстары, көсемсөздері мен әдеби-көркем дүниелері топтастырылған «Намыс найзағайы» кітабының тұсаукесу рәсімінде «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі ҚР Ақпарат және Коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың құттықтау хатын оқып берді. Шер-ағаңның замандас достары мен қаламдас іні-бауырлары жиналған шарада Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов бастаған ел ағалары біртуар қаламгер шығармашылығы мен қайраткерлігі жайлы сыр шертіп, жылы лебіздерін білдірді.

Шер-ағаң мерейтойына Түркиядан Түркі әлемі жазушылар одағының арнайы сыйлығы мен «Ай мен Айша» кітабын түрік тіліне аударып, сүйінші данасын алып келген аудармашы-жазушы Мәлік Отарбаев: «Тұтас бір дәуірдің тыныс-тіршілігін қамтитын, жазушы өзінің балалық шағын баяндап беретін «Ай мен Айша» романы о баста жарық көре салысымен-ақ, соны аударсам деген ой келген еді. Шығармадағы Айша апаның өзін біз бала кезде көргенбіз, ал өзін шығармада Барысхан деген кейіпкер арқылы көрсеткен Шерхан ағамызды туып-өскен, тұлға болып қалыптасқан ортасы мен үшін де таныс әрі бейтаныс әлем еді. Бірақ ол үшін аударма саласында біраз жұмыс істеп, ізденісте жүріп, тәжірибе жинақтау керек болды, қысқасы, бұл байыпты дайындықты қажет ететін жұмыс еді. Кейіннен кітапты қазақшадан түрікшеге екі жылдай жүріп аударған соң Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдауымен Түркияның Анкара қаласындағы Еуразия жазушылар қауымдастығының «Бенгу» деп аталатын баспасынан жарыққа шығардық. Аталмыш қауымдастық биыл түркі дүниесі әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін Шер-ағаңа арнайы сыйлық тағайындап әрі осы кітаптың шығуына мұрындық болды. Кітапты оқып шығу бір бөлек те, оқып отырып аудару бір бөлек қой. Әр сөздің мағынасына терең үңіліп отырып, бұл романның тек қазақ оқырманы үшін ғана құнды дүние емес, жалпы адамзат тарихындағы өлмес туындылардың бірі екенін сезінесіз», – деді.

Кітаптар тұсаукесері шарасынан кейін өткізілген Шерxан Мұртаза атындағы бильярдтан дәстүрлі турнир шарасында «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі: «Бұрын Алматыда Сейдахмет Бердіқұлов атындағы футболдан дәстүрлі шара болатын, бірақ ол қазір Астанада өтетін болды. Ал Шер-ағаңның сүйікті ойыны болған тастаяқтың бұдан былай Алматыдағы зиялы қауымның басын қосатын, жылда осы уақытта өткізілетін дәстүрлі шараға айналарына күмән жоқ», – десе, ғалым, публицист Намазалы Омашев: «Әсем Алматымызда Шерхан Мұртаза атындағы турнирдің өтіп тұруы – Шерағаңның аты үшін де, жалпы қалам ұстаған қауым үшін, журналистер үшін де өте пайдалы шара болмақ. Өйткені турнир барысында Шерағаңның мінез-құлқы, ұлтқа жасаған жақсылығы, сіңірген еңбегі айтылады, ал шығармашылық адамдары бір-бірімен жақын танысып, пікір алысады, сырласады. Журналистер – шығармашылық иелері. Кезінде Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин ағаларымыз бильярд жалпыхалықтық ойын болмай тұрған кездің өзінде оны көп ойнаған екен. Басқа ойын таппағандықтан емес, шығармашылық адамына өте пайдалы ойын болғандықтан. Сондықтан «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Дархан Қыдырәлінің бастауымен өтіп жатқан турнир елге де, жұртқа да, журналистерге пайдалы болатыны анық», – деп ағынан жарылды.

Шерхан Мұртаза атындағы аталмыш турнир қатысушыларының Ақсақалдар тобынан өз мергендігімен көзге түскен сатирик жазушы Толымбек Әлімбекұлы ынталандыру сыйлығына ие болса, белгілі ғалым, профессор Намазалы Омашев 3-ші орынды, генерал-майор Әділ Шаяхметов 2-ші орынды, ал 1-ші орынды журналист-жазушы Аяған Сандыбай иеленді. Сондай-ақ, Жастар тобынан «Ан-Арыс» баспасының Бас редакторы, ақын Кәдірбек Құныпияұлына ынталандыру сыйлығы бұйырса, 3-ші орынды саясаттанушы Айдос Сарым, 2-ші орынды «Қазақ әдебиетінің» Бас редакторы Жанарбек Әшімжан, 1-ші орынды жазушы-журналист Бекет Момынқұл ұтып алды. Айтпақшы, Бауыржан Момышұлының немере інісі, жазушы Бекет Момынқұл Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние» кітабының өзі аударған «Один изъян бытия» атты орысша нұсқасының бір-бір данасын жиналған қауымға сыйға таратты.

Мира БАЙБЕК,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2017

«ҚазМұнайГаз» бекеттерінде АИ-92 шектеусіз сатылып жатыр

18.10.2017

Латын әліпбиі – Қазақстан Қарулы Күштерінде

18.10.2017

Көп тілегі – көл

18.10.2017

Алматыда Медеу мұз айдынында коньки тебу маусымы басталады

18.10.2017

Аты аңызға айналған қайраткер

18.10.2017

Көрші елден келетін өнімдерде зиянкестер көп

18.10.2017

Шымкентте жаңа әуежай құрылысы басталады

18.10.2017

Қырғызстандық көліктер жиі тәртіп бұзады

18.10.2017

Алматыда VII Орта Азия сауда форумы өтіп жатыр

18.10.2017

18 қазан - Рухани келісім күні

18.10.2017

Душанбеде араб экономикалық ынтымақтастығы форумының отырысы өтті

18.10.2017

Бармысың, балалар дәрігері?

18.10.2017

Баспасөз-2018: Елдіктің үні «Егемен Қазақстан»

18.10.2017

Үкіметте әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттің атқарылуы қаралды

18.10.2017

Қазақ-қырғыз бауырластығы саяси амалдардың құрбаны болмауы тиіс

18.10.2017

Таңырқату үшін туған талант

18.10.2017

Қарсылық па, таршылық па?

18.10.2017

Жапониядағы парламент сайлауы: Абэнің алаңдауына негіз жоқ

18.10.2017

Қыз-келіншектер қауіпсіздігін кім қорғайды?

18.10.2017

Әлемдік қауіпсіздікке қосылған қомақты үлес

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қарсылық па, таршылық па?

«Біреу Алматыға бір «КамАЗ» сәбіз әкеліп төгіп, елге тегін таратты» деген хабардың шығуы мұң екен, веб-сайттар ақырғы жаңа­лықтың айналасына шыбындай үймеледі. 

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Әлемдік қауіпсіздікке қосылған қомақты үлес

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып қабылдануын, 2018 жылдың қаңта­рында Кеңеске төрағалық ететінін елімі­здің әлемдік қауіпсіздік жүйе­сі құрылымына қосқан қомақ­ты үлесінің мойындалуы деп бағамдай­мыз. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Құндылықтарға кір келтірмейік

Бәріміз де мына өміріміз, тір­ші­лік етіп отырған ортамыз жақ­сы болса екен деп тілейміз. Со­ған­ сай қызмет етуге тырысамыз.­ Алай­да қоға­мымызда кейбір азамат­тары­мыздың абайсызда алаяқтарға арбалып, қылмыскерлер қолына тү­сіп қалатынын, сауда-саттықта, көлік, пәтер алған кезде, т.б. тұрмыс­тық жағдайларда, жұмыс барысында алданып, сан соғып жататынын естіп-білгенде әрі-сәрі күй кешесің...

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Жазушының жанпидасы

Әдебиет – халықтың жаны. Демек, ондай әдебиетті жасау үшін жазушы өз туған халқын жанындай жақсы кө­­ріп сүюі тиіс. Сонымен бірге оған әде­би талант һәм шеберлікпен қатар, жазушылық жанпидалыққа бара ала­тын дегдар қасиет, алабөтен ерлік те ­қажет дер едік.

Қайрат ӘБІЛДА, «Егемен Қазақстан»

Бұқаралық спорттың көсегесі қайтсе көгереді?

Біз айтқалы отырған мәселенің бүге-шігесін жақсы білетін мамандар ұсынған кейбір деректерге сүйенер болсақ, бүгінгі таңда еліміздегі жастардың тек 7-9 пайызы ғана дене шынықтырумен және спортпен айналысады екен.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу