Қазақстан • 01 Қазан, 2017

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қазан күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды ауа райы сақталады, тек елдің оңтүстік және оңтүстік шығысында өтеді. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

 

 

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан күндіз 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарында түнде және таңертең жекелеген аумақтарда тұман болады.

Маңғыстау, күндіз Атырау және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.