«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы шешуші кезеңге жақындады

Өткен жұма күні «Қазмедиа» орталығында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбайдың қатысуымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша жұмыс тобының және сарапшылардың кезекті отырысы өтті. Оған қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты. 

Егемен Қазақстан
02.10.2017 1367
2

Отырысты Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев ашып, қысқаша сөз сөйледі. «Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында қолға алынған бұл жоба өнерімен, білімімен, қоғамға сіңір­ген еңбегімен, ерекше қа­сиеттерімен дараланған талантты азаматтардың танылуына үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Жаңа есімдерді анықтауға жұртшылық та жоғары белсенділік көрсетуде», дей келіп, ол биылғы 7 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін еліміздің түкпір-түкпірінен жобаға қатысушылардан өтініштер қабылданғанын жеткізді. Олар «Ел.кз» порталында тіркеліп, ұзын саны 2212 адамға жеткен. Министр қазір оларды іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, сонымен қатар олардың табыстылығының сырын ақпарат құралдарында жан-жақты көрсету жұмыстары қолға алынғанын айтты. «Халыққа олардың табыстылығының сырын танытар болсақ, бұл шараның тәрбиелік әрі идеологиялық тұрғы­дан өз жемісін беретініне біз сенім­діміз. Қазір Ақпарат және коммуни­кациялар министрлігі мен Қазақ­стан халқы Ассамблеясы осы мақсатты іске асыру бойынша жүйелі істерді қолға алуда. Атап айт­қанда, 100 жаңа есімнің бірі атануға үміткер азаматтар туралы деректі фильмдер циклы түсірілуде», деді министр. 

Осыдан кейін жиналғандарға мысал ретінде «Астана» телеарнасы түсірген фильмнен үзінді көрсетілді.

Осыдан әрі Д.Абаев фильм қам­ты­ған азаматтардың бірне­шеуін атап өтті. Мәселен, Ақтөбе қаласындағы мүгедек жан Ша­хан Жолдасбаевтың туған шаһар­ын­дағы ғимараттарға пандус жа­сау­ды ұйымдастырғанын, Шығыс Қазақстан облысының бес мың адамдық шағын кентінде тұра­тын Валентин Алифановтың бала­лар­дың өнер мектебінде жаңа театр бөлімін ашқанын жеткізді. Соңғы­сының шәкірттері қазір балалар арасында өтетін халықаралық конкурстарға қатысып, бәйге алып жүрген көрінеді.

ҚХА Төр­аға­сының орынбасары Дархан Мың­бай жұмыс тобының алға қойылған мақсат жолында үлкен іс-шаралар атқарғанына ризашылық білдіре келіп, тіркелген азаматтардың табыстылығының сыры, олардың жүрген жолдары туралы «Ұлы Даланың жаңа есімдері» деген атпен әлеуметтік желіде де топ құрылғанын айтты. Жалпы, онда тартылған адамдардың саны 6 мыңнан асып кетіпті. Қазір оларды қолдау мен талқылаулар жүріп жатыр. Сонымен қатар, 15 қыркүйекте өтінімдер қабылдау аяқталып, енді әрі қарай жұмыстар министрлікпен бірлесіп жасалады, деді ол. Д.Мыңбай Ассамблея құрылымдарының бұл іс-шараға айрықша белсенділікпен қатысқанын атап өтті. Олардың қатысуымен 520 адамның өмірбаяндары тіркеліпті, ал түс­кен ұсыныстардың саны 900-ге жуық екен. Ассамблеялықтар тізім­ге ұсынған кандидаттардың қатар­ында ол мысалға, «Родина» ауыл­дық округінің әкімі Бэла Газдие­ваны атап, оның өз жұмысын бел­сен­ділікпен атқарып, үздік ұсыныс­тарымен көзге түсіп жүргенін, сонымен қатар, 26 жасында кан­дидаттық диссертация қорғағанын жеткізді. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының 28 жасар тұрғыны Қуаныш Жұмабеков ағылшын тілін жеңіл жолмен үйрену оқулығын жасап, оның үздіктігін түркиялықтарға мойындатып, сол елде бастырған және өзі бірнеше тілді меңгерген полиглот, аудармашы, ғалым екен. Бұрын есімдері халыққа белгісіз болып келген азаматтарымыз көп және олар қазақ пен орыс арасынан ғана емес, Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдері арасынан шыққан, деді ол.

Ал «Ас­тана қаласы теледидары» ЖШС бас директоры Ләззат Танысбай жұртқа жаңа көрсетілген фильм сияқты 10 деректі туынды түсіріліп, оның бәрі эфирден берілетінін жеткізді. «Біздің қыз­мет­керлеріміз бұл жұмыстарға белсен­е кірісіп, шығармашылық шабыт­пен жұмыс істеуде. Жаңа есімдердің көбін біздің журналис­теріміз бұрын білмеген, енді олар­мен етене таныса келгенде өздері­нің таңырқауларын жасыра алмау­да. Бұрын біз кез келген саланың жұртқа белгілі адамдарын ғана көрсетіп, мақтаныш ететін болсақ, енді өнерлері мен табысты істері халыққа білінбей келген талантты адамдардың бізде өте көп екеніне көз жеткізіп жатырмыз», – деді ол.

«Қазконтент» АҚ басшысы Евге­ний Ко­че­тов «Ел.кз» порталындағы «100 жа­ңа есім» бойынша ау­қымды жұмыс жасағанын, сайтқа келген барлық өтініш қабыл­дан­ғанын айтты. «Біз жұмыстың бірінші кезеңінде жергілікті атқарушы орган­дар­мен ынтымақтасып, олардың ұсы­ныстарын жинадық, енді 1 қазаннан айдың аяғына дейін жұмыстың екінші кезеңін бастап, осы сайттағы есімдерге халықтың онлайн режімде дауыс беруін ұйымдастырдық. Сонымен бірге үміт­керлердің жеңімпаз болуының ең басты критерийі – Елбасының бағдарламалық мақаласында айтылғанындай, Тәуелсіз Қазақстан үшін айрықша маңызды еңбек еткендігінің мойындалуы», – деді ол. Сонымен бірге ол жиналғандарға сайтта көрсетілген дауыс берудің тәртібі туралы баяндап берді.

Отырыста бұлардан басқа да жұмыс тобы мен сарапшылардың бірнеше белсенділері сөйлеп, өздерінің істеген жұмыстары мен ұсыныстарын ортаға салды. Жиынды Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев қорытындылап, порталға есімдері енген барлық адам белгілі бір табысқа қол жеткізгендер, яғни олардың әрқайсысы бір жетістіктің тарихы екенін айта келіп, БАҚ оларды халыққа танытуда аянбай еңбек етулері керектігін айтты.

Суретті түсірген 
Орынбай БАЛМҰРАТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу