02 Қазан, 2017

Жаңғыру үрдісі қоғамда кең қолдау тапты - А.Райымқұлова

308 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Осы жылдың беташар айының соңында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы қоғам өміріндегі маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, онда тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан басталып, одан беріде қабылданған таяудағы бағдарды белгілеген стратегиялық бағдарламаларға да байыпты баға берілген.  

Жаңғыру үрдісі қоғамда кең қолдау тапты - А.Райымқұлова

Қаңтардағы халыққа жолдауында Елбасы: «Бүгін мен Қазақстанды үшін­ші жаңғырту жөнінде міндет қойып отыр­мын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін эко­но­микалық өсімнің жаңа моделін құру қа­жет. Қазіргі кезде көптеген елдер осын­дай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсім­нің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жер­де әртүрлі, екеніне сенімдімін. Біз өзі­міздің мықты тұстарымызды пайдаланып, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында бірге қа­лыптастырған әлеуетімізді жоғалтып ал­мауымыз керек», – деп атап көрсетті. 

Ел экономикасының дамуы, сөз жоқ, халықтың әл-ауқатын жақсартып, әлеу­меттік салалардың халыққа көр­се­тілетін қызметтерін жандандыруға да ықпалын тигізді. Жергілікті жерлер­де мә­дениет ошақтарының ескілері жа­ңа­р­тылып, жаңадан мәдениет үйлері мен спорт ғимараттары бой көтеруі де жұ­ртшылық тарапынан оңды бағасын ал­ғанын атап айту қажет. Түптеп кел­генде, бұл халықтың мәдениетін кө­теруге, денсаулығын жақсартуға бастай­тын игі ша­ралар болып табылады. Мем­ле­ке­ті­міз­дің ішкі өміріндегі осындай оңды іс-шаралар басқа көршілес елдер мен басқа да бүкіл әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тауып жатқаны қуантады. 

Бұл ретте Қазақстанның халықаралық дәрежедегі беделін одан әрі көтерген Ас­танада өткен ЭКСПО-2017 көр­месі де­сек қателеспейміз. Осынау маңыз­ды ха­лықаралық шараны ұтымды ұйым­дас­ты­рып, оны Елбасының тапсырмасына сәй­кес үлгілі түрде өткізу мақсатында Мә­дениет және спорт министрлігі та­рапы­нан кешенді бағдарлама қабыл­да­нып, мұнда қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрін көрсететін іс-шараларға ерекше көңіл бөлінді. Осы мақсатта қазақ халқының ұлттық дәстүрін кеңінен паш ететін орталық, «Қазанат» ипподромының аумағындағы 2,5 мың шаршы метр жерде орналасқан «Этноауыл» кешені бой көтерді. 

Сөйтіп, «Қазақ этноауылы» бірегей жо­басы, қазақтардың арғы тегі – көшпен­ді­лердің мәдениеті мен тұрмысын қайта жаң­ғыртумен қатар, Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру мақсатындағы мә­дени-туристік және имидждік жоба б­о­луға, сондай-ақ еліміздің туристік тар­тымдылығын арттыруға бағытталды. Эт­ноауыл келушілерді қазақ халқының бай тарихы, мәдениеті, өнері және салт-дәстүрлерімен таныстырып, көшпелі өркениет пен өткен ғасырдың атмосферасын сезінуге мүмкіндік жасаған өнегелі орынға айналды. 

Сонымен қатар ЭКСПО-2017 көр­месі кезінде ұлттық спорт түрлерінен респуб­ли­калық және халықаралық жарыстар өткізілді. Бұл ретте бәйге түрлерінен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне ашық республикалық турнир (аламан бәйге, ұшқыр бәйге) және көкпардан әлем чемпионаты («Қазанат» ипподромы) табысты ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. 

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұң­ғыш рет біз тарихи-мәдени мұра ескер­ткіш­терін және еліміздің мәдени ландшафтын сапалы жүйелендіруге кірістік. Осы жұмысты тиімді жүзеге асыру мақсатында Ұлттық музей жанынан «Қасиетті Қазақстан» арнайы орталығы құ­рылды. Осы орталық жанында өз ке­лі­сімдерімен 40-тан аса ғалымдар мен бір­қатар белгілі қоғам қайраткерлері та­р­тылған ғылыми-сараптамалық кеңес жұ­мыс істейді. Солардың жалпыұлттық жә­не жергілікті киелі орындарды таңдау б­а­ғытындағы тыңғылықты еңбектері ар­қасында республика деңгейіндегі 100 ки­елі нысан және өңірлік деңгейдегі 500-і ай­қындалып, таңдап алынды. 
Министрлік тарапынан туризм сала­сын дамытуға жете көңіл бөлінуде. Пре­мьер-министрдің тапсырмасы бойынша туризм ұлттық экономиканы әртараптандырудағы «Олимпиялық са­ражол» деп аталған 6 драйвер-сала қатарына енгізілді. Осынау өзекті сала – туризм алдына мынадай міндет қойылды: оның ІЖӨ құрылымындағы үлесін 2025 жылға дейін 8%-ға дейін арттырып, елімізге келушілер туризмінің пайыздық өсімін қамтамасыз ету.  
Үкімет тарапынан алға қойылған осындай маңызды міндетті жүзеге асыру жалпы туристік индустрияны дамытумен тығыз байланысты. Осы мақсатта министрлік тарапынан нақты іскер жобалар қолға алынған, солардың қатарында Елбасының өткен жылғы қарашадағы тап­сырмасына сәйкес осыдан бұрын қа­­был­данған тұжырымдаманы қайта жа­­ңарттық. Онда, ішкі және сыртқы ту­­ризмді дамытудың қажеттіліктері ес­ке­­ріле отырып, талапқа сай тиісті инфра­құ­­рылымы жетілдірілген өңірлік мәдени-ту­ристік кластерлер құру да көзделген. 

Біздің министрліктің қолдауымен таяуд­а, атап айтқанда, қыркүйектің 27-сі мен 29-ы аралығында Астанада «Де­ма­лыс» – Astana Leisure 2017» 14-інші Қазақ­стан­дық халықаралық туристік көрмесі ұйымдастырылды. «Көрме» аталатын арнайы көрме орталығына әлемнің 20-дан ас­там елінен 1500-дей келушіні қабылдау жоспарланғанын да айта кеткен жөн. 

Көрме жұмысына әлемнің 11 елінен 100 компания қатысады деп күтілген. Ұлыб­ритания, Венгрия, Вьетнам, Гер­мания, Египет, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Ресей, Словения, Таиланд және Украи­надан келген турбизнестің кәсіби ма­ман­дары өзекті туристік бағыттар мен 2017 жылдың күзгі-қысқы маусымының жа­ңа­лықтарын ұсынды.  Өз кезегінде, As­tana Leisure 2017 экспозициясының алаңы ша­мамен 1100 шаршы метрді құрағаны да Қазақстан тарапынан көлемді таныс­ты­рылым ұйымдастырылғанын ай­ға­қ­тайды. 

Біз қазір тың жаңалықтар, инно­ва­ция­лық және озық ғылыми-техникалық ше­шімдер дәуіріне қадам бастық. Бұл эко­но­микалық өсім мен өмір салтымыз болмы­сын түбегейлі өзгертіп отыр. Осыған орай Президентіміз Н.Ә.Назарбаев екі жаңғыруды жария  еткен болатын. Бі­рін­­шісі негізгі қозғаушы күшінің бірі бү­гінде туризм болып табылатын, ұлттық эко­номикамызды әртараптандыруға б­а­ғытталған жаңғырту да, ал екіншісі қазақстандық сәйкестікті бекітуге және қазіргі заманғы әлемдік талаптарға бейімделуге бағытталған қоғамдық сана­ны жаңғырту. 

Қазір осы екі бағытта да министрлік та­рапынан, жоғарыда айтып өткендей, ке­шенді бағдарламалар қабылданып, бір­қатар жобалар жергілікті мәдениет бас­қармалары қатысуымен жүзеге асыры­ла бастады. Атап айтқанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуына біз толықтай мониторинг жасадық. 

«Туған жер» арнайы жобасын іске асы­ру мақсатында «Туған жер» – «Ту­ған ел» базалық бағыты жасалды, он­да «Қазақстанның мәдениет қызметкерлерінің ашық форумы» респуб­ли­­калық жобасы аясында мәдениет са­ла­сындағы қызмет көрсету деңгейі бойынша көр­сеткіштер айқындалды. Аталған жоба­да жаңғыртудың 6 принципі ескерілді, олар – бәсекеге қабілеттілік, прагмати­зм, ұлттық сәйкестікті сақтау, білімді ұлықт­ау, Қазақстанды эволюциялық жолмен дамыту және сана-сезім ашықтығы. 

Бүгінгі таңда қоғамдық кеңістіктегі (му­зейлердегі, кітапханалардағы, бос уа­қыттағы және де басқа мәдени іс-қи­мылдағы жаңа формалар) ұдайы өзгеріп отырған жағдайларға бейімделу – қо­ғамдық сананы жаңғыртуға және жа­ңар­туға бастайтын құбылыс. Бұл ретте осын­дай маңызды жұмыста мәдениет қыз­мет­керлері халықтың неғұрлым көбірек бө­лігін қамтуға, әсіресе жастармен жұ­мысқа баса көңіл бөліп, адамдардың бар­лық санаттарын олардың мүдделерін есеп­ке ала отырып қамтуға көңіл бөлу қа­жет деп санаймыз. 

Шындап келгенде, жаңғырту үрдісі қо­ғам тарапынан, халықтың өз ішінен қалың қолдау тауып отырғанын баса айту қажет. Жер-жерден министрлік атына келіп түсіп жатқан талап-тілектер қатарында рухани жаңғырудың көңілден шыққаны айқын аңғарылады. Яғни, Елбасы көтерген көкейкесті мәселелердің әрбір қазақстандық үшін маңызды болып отырғаны – еліміздің болашағы тарихтың тереңінен бастау алған мемлекеттігіміздің нық берік ұстанымдарға негізделгенінің белгісі. 

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА,
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі