02 Қазан, 2017

Астанада Ұлттық код пен бірегейлік жөнін­­дегі форум өтті

544 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Назарбаев Университетінде «Жаһандану дәуіріндегі ұлттық код пен бірегейлік» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесі өтті.

 

 

 

G

M

T

 

 

Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Звуковая функция ограничена 200 символами

 

 

Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

 Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгеру­шісі Дархан Мыңбай, Мәжіліс депутаттары, ҚХА мүше­лері, этномәдени бірлестіктер мен мемлекеттік мекеме­лердің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, жиынға Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь елдерінен сарапшылар мен халық­аралық қатынас саласының мамандары келді.  

Ұлттық код пен бірегейлік жөнін­­дегі форумды ашқан Д.Мың­бай Назарбаев Универ­ситетінің еліміздегі іргелі оқу ордасы екенін және Қазақстандағы білім саласына сүбелі үлес қосып жүргенін сөз етті. 

«Орталық Азия ғылыми-сарап­шылық кеңесті дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. Бүгінгі жиын­­ның тақырыбына Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында сөз болған мәсе­ле­лер мұрындық болып отыр. Онда жаһандану дәуірінде рухани жаң­ғырудың маңызы жоға­ры еке­ні айтылады», – деген Д.Мың­бай Елбасы мақаласында атал­ған бағыттардың өзектілігіне тоқталды. 

Төраға орынбасарының айтуынша, кез келген қоғамның өзіне тән түп-тамыры болады. Осы орай­­да, ол рухани жаңғыру осынау ұлт­­тық кодты сақтай отырып жүр­­гізілуі керек екенін жеткізді. Д.Мың­­байдың сөзіне сүйенсек, мәде­­ниет, тарих және дәстүр мем­лекет пен қоғамның негізгі тірек­тері. Оған арқа сүйемеген халық өз ба­ғытын жоғалтып алуы мүмкін. Дәс­түрді сақтау өткенді көшіріп алу емес, бірегейлікті бекемдей оты­­­рып, болашаққа нық қадам басу еке­­­нін айтты Төраға орынбасары. 

«Қазақстанның өткені – сақ­тар, ғұндар, түріктер мен Қазақ хан­­дығынан бастау алатын біздің тарих. Бұл азиялық, еуразиялық өрке­ниеттер бір арнаға тоғы­сып, адамзат тарихындағы көш­пен­ділердің өз қолтаңбасын қал­дырған жол. Ұжымдастыру, аштық және қуғын-сүргін жылдары мойымаған ұлттық рух қа­лып­тасты. Осындай өткені бар Қазақ­станның полиэтностық кел­бе­ті жасалды. Сонау жылдары Қа­зақстанға түрлі этностар­дан 2,5 миллионға жуық ха­лық күштеп көшірілді», – деп атап өткен Д.Мыңбай Қазақ­стан­ның полиэтностық және поликон­фес­сия­лық елге айналғанын жеткізді.

Назарбаев Университетінің сту­денттік істер және халық­ара­­лық қатынастар жөніндегі вице-президенті Қадиша Даирова­ның пайымдауынша, мұндай алқалы жиындардың қоғам үшін маңы­зы зор. Соны­мен қатар, ол бү­гінгі таң­да іргелі білім ордасының қазір­­гі жағ­дайы­мен таныстырып өтті. Қ.Даирова Назарбаев Уни­вер­­­­­си­­­­тет­ті шетелдердегі озық тә­жі­­­­ри­­­бе­лерді жинақтап, ішінен ең үз­­­дік­терін таңдап алатынын атап өт­т­і. Оның пікірінше, мұндай үлгі­­­лер­ді ең әуелі университетте тәжі­­ри­­­­беден өт­кізу елдегі білім сала­­­­сын дамы­­туға елеулі үлес қоса­­ды. Қ.Даирова қазіргі таңда Назарбаев Университеті солардың іші­нен озық шық­қанын таңдап, Қазақ­стан­дағы басқа да білім ордаларымен тәжі­рибе бөлісетінін жеткізді. 

«Бүгінде біздің алдымызда оқу ордасына көптеген ұлттың өкіл­­­­дерін тарту мәселесі тұр. Уни­вер­­­­ситетте оқитын төрт мыңға жуық студенттің 91 пайызы қазақ. Бұл – қуантарлық жағдай. Әйтсе де, ал­дағы уақытта оқу ордасында кез келген ұлттың өкілі білім алу­­ға мүмкіндігі бар екеніне көз жет­кізу керек», – деді Қ.Даирова.

«Қоғамдық пікір» зерттеу инс­титутының жобалар жетек­шісі, ҚХА Ғылыми-сарапшы­лар кеңе­сінің мүшесі Ботагөз Рақы­шева  Орталық Азия жас­тары­ның біре­гейлігі жөнінде жүргіз­ген зерт­­теудің нәтижесімен бөлісті. Он­да жастардың түрлі мәсе­ле­лерге көз­­қарастары, интернетті қолдану секіл­ді түрлі салалар қамтылған. 

Б.Рақышева келтірген деректерге сай, қазіргі таңда қазақс­тан­дық жастардың әлеуметтік және экономикалық жағдайы көр­­ші елдердегі құрдастарына қара­ғанда анағұрлым жақсы. Мәселен, Қазақстандағы өскелең ұрпақтың 88 пайызы кең жолақты интернетке қол жеткізген. Бұл – зерттеу жүргізілген басқа елдерден әлдеқайда көп.

Сонымен қатар, алқалы жиында қоғамдық жаңғырту үдерісіне мәдени мұраны пайдаланудың халықаралық тәжірибесіне талдау жасау және оны жинақтау, қазақ­стандықтардың ұлттық коды­ның негізгі іргетасын анық­тау, зама­науи мемлекеттің орнық­тыл­ы­­ғын сақтаудағы азаматтық біре­гей­ліктің рөлін бағалау мәсе­лелері де талқыланды.