Аймақтар • 02 Қазан, 2017

Павлодар облысының ІЖӨ көлемі артты

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының жалпыреспубликалық ІЖӨ көлеміндегі үлесі 4,7 пайызға құрады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов айтты.

Павлодар облысының ІЖӨ көлемі артты

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында  әкім биылғы жылдың 8 айындағы даму қорытындылары туралы баяндап, журналистер тарапынан қойылған сан салалы сұрақтарға жауап берді.  Б.Бақауовтың мәлімдеуінше, Павлодар облысының биылғы индустриялық-инновациялық дамуы қарқынды. Мәселен, жалпы өңірлік өнім 5,6  пайызға өскен. Ал облыстың жалпыреспубликалық ІЖӨ көлеміндегі үлесі 4,7 пайызға артқан. Бұған дейін бұл көрсеткіш 4,4 пайыз болған еді.

«Биыл өнеркәсіптің барлық секторында оң динамика байқалды. Мыс концентратын өндіретін Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының толық қуаттылық деңгейіне шығуына байланысты өндіріс көлемі 12 пайызға дейін өсті. Металлургия, химия, мұнай химиясы және машниа жасау кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеуде. Электр энергиясын өндіру көлемі 23,2 пайызға ұлғайып, 26,3 млрд кВт/сағатты құрады. Екібастұз №1 ҚАЭС-ың шиналарынан өндірілген 3,3 млрд Квт/сағат электр энергриясы Ресей федерациясының көршілес өңірлеріне экспортқа шығарылды. Жылдың соңына дейін электр энергиясы экспортының көлемі 6 млрд Квт/сағатты құрайды», деді Б.Бақауов.

Динара БІТІК,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51