Аймақтар • 03 Қазан, 2017

Аудан орталығы туралы «айтыс» аяқтала ма?

535 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Павлодарское ауылы об­­лыс орталығынан 6 ша­­қырым жерде. Бұ­рын­­­ғыдай тағы да ау­ыл­дық­тар – ауылда, қа­ла­лық­тар қалада болатын тү­рі бар. Бәленбай млрд қаражат бөліп, аудан ор­талығын қаланың бір ше­тінен екінші шетіне кө­шірудің еш тиімділігі жоқ сияқты.

 

Аудан орталығы туралы «айтыс» аяқтала ма?

Қазір Павлодарское ауылы облыс орталығы аумағы құра­мы­нан шығарылды. Ауылды Пав­лодар ауданының орталы­ғы­на ай­налдыру мәселесін қала, ау­дан бас­­шылығы, облыс­тық мәслихат де­путаттары талқылап, нүкте қой­ғандай болды. Енді облыстық мәс­лихат пен әкімдік бір­лескен қау­лы қабылдап, Үкі­мет қарау­ына жіберіледі. Бұл ауданның ор­та­­­лығы осы күнге дейін облыс ор­талығында ор­­наласқан-ды. Ен­дігі мәселе аудан орта­лығын ауылға көшіру.

Мәселенің мәнісіне келсек, егер Павлодарское ауылына аудан орталы­ғы мәртебесі бе­ріл­се жо­ба-жос­пар үл­кен: орта­лық­тан­дырылған су жүйесі, жы­лу бе­ретін орталық қазандық құ­ры­­­лы­сы, мәдениет үйі, автовокзал, дене­шы­­нықтыру-сауықтыру ке­шені, жаңа балабақша, энергия қуа­тын ұлғайту үшін қосымша станса салынады. Жаңа аудан орталығын құру кезінде халыққа қыз­мет көрсету орталығы, жер­гілікті атқару органдары, ау­дандық ішкі істер бөлімі, проку­ра­тура, сот орналасатын әкім­ші­лік қалашық бой көтереді. Ауы­л­дағы 97 шақырым жолға асфальт төселіп, саябақ жобасы жү­зеге асырылады. Климаттық жағ­дайларға бейім ағаш­тар мен өсім­­діктер егіледі, гүлзарлар жа­­салады. Кәсіпкерлер бас­­тамасымен аква­парк салу жос­­парлануда. Ертіс өзені­нің жа­­ғалауында туристік қызметтер көр­сететін инфрақұрылымдары бар демалыс үйлері салынады.

Осы өзгерістер барысын ес­­тіп, біз де аудан әкімі Алек­сан­­­­дар Бабенкомен кездес­тік. Әкім­­­нің айтуынша, электр қу­а­ты­н­ың қосалқы стансасын са­­лу­ға 3-4 млрд теңге, су құ­бы­ры­на 2,5 млрд теңге, көше­лер­­­ді асфальттауға шамамен 800 ми­ллион теңге және тағы сол си­яқты шығындарды ескерсек, ал­дын ала есептеу бойынша, бар­лық жоба-жоспарларды жү­зе­­ге асыруға 10 млрд теңгеден ас­там қаражат қажет екен.

Жеке аудан орталығының болуы ауданды бөгде аумақтан басқарудан бас тартуға жол ашады. Ауданның әлеумет­тік, мәдени және экономикалық дамуына қы­руар инвестиция құйылады. Өсу бола­ша­ғы зор, ауылдықтардың өмірін сапа­лық тұрғыдан жақсарту үшін аудан орта­лық­тарының бел­гі­ленген стандарттарына сәй­кес жа­самақпыз, дейді аудан әкімі.

Аудандық конференция қо­ры­тындысы бойынша аудан тұр­ғындарының басым бөлігі, яғ­ни 87 пайызы бұл өзгеріске оң көзқараста, 4 пайызы қарсылық танытса, 9 пайызы дауыс беруден қалыс қа­лыпты. Ал 2009, 2010, 2014 жылда­ры біз әр тақырыпта «Егеменде» «ауданның тұр­ғандары – ауылдықтар – ауылда, ал, аудан әкімдігі басшылары – қалада, аудандық әкімдік құрылымдары облыс орталығында орналасқан, қалада қыз­мет етеді. Аудан орталығы ауылға көш­се, Красноармейка ауылы лайықты бо­лар...», деп жаздық. Жазған ойларымыз ой салды ма, әр жылдары аудан орта­лы­ғын біртіндеп Красноармейкаға көші­ру­ге дайындық жұмыстары да басталған-ды. Қазір неге екені белгісіз, жоспар күрт өз­герді. Аудан орталығы облыс орта­лы­ғы­на қарайтын Павлодарское ауылына көш­пекші.

Павлодарское ауылының тұр­ғын­да­ры­ның біразы аудан орталығы болсын деген ше­шімге қарсылық білдірсе, ара-арасында қолдағандар да кез­дес­ті. Ауылдың бұрынғы әкімі В.Забегалина болса бұл өзгеріске кү­мәнмен қарайтынын жасырма­ды.

– Ұсынылған даму жоспары жақсы-ақ. Бірақ оның орындаларына сену қиын. Жылдар бойы орталықтандырылмаған су мен жылу жүйесі енді қалай қолға алмақшы, – дейді. Тағы бір мәселе, облыс орталығынан ауылдың 162 тұрғын тұрғын үй алу кезегінде тұрса керек.

Бізге де, басқа ауылдарға да аудан орталығын ауылға көшіру туралы кон­ференция өтетіні жайлы айтқан да жоқ. Аудан әкімімен кездестік, ауданда осы мәселе бойынша референдум өткізу ке­ректігін айттық. Көшу жайын қара­пайым халықпен ақылдаспай басшылар қалай шешеді? Біздің де айтарымыз бар.Үкімет те біздің жа­зғанымызға, өтіні­шімізге құ­­лақ салар, дейді Красно­ар­мейка ауылының тұрғындары, Жо­ламан Қыстаубайұлы баста­ған белсенді топ мүшелері.

Бұған дейін жыл сайынғы әкім­­дердің есеп беру кездесу­ле­­рі Красноармейка ауылын­­­да өтіп, жалпы, аудан жұрт­шы­­­лығы алдағы уақытта аудан ор­талығы болады деп, кү­­­тіп жүр­ген еді. Бұл жерде «Қаз­Агро­Инновация» АҚ құ­ра­мындағы ауыл шаруа­шы­лығы институты жұмыс  істейді. Әлі күн­ге дейін Красноармейка ата­лып тұрған агроколледжде 540 студент, Красноармейка ата­латын мектептің 400-дей оқу­шы­сы бар. Жатақханада 150 ба­ла тұрады. Екіншіден, колледж­де «Серпін» бағдарламасымен оқып-білім алып жатқан оңтүс­тік­тен келген 100-дей жас бар. Ор­та толтыратын болашақ тұр­ғын­дар деуге болар. Ауыл облыс ор­та­лығына жақын, Шарбақты ау­даны арқылы Ресейдің ау­дан­дарына баратын халықаралық ма­ңыздағы жолға жалғасады. Бұрын қала тип­тегі кент болып есептелді. Келесі жы­лы ор­та­лықтандырылған су жүйе­сі­нің құ­рылысы басталады деп жос­­парлануда. Шет­тен келген ағай­ындар, шалғайдағы ауыл­дар­дағы отбасылары жер алып, үй тұрғызуда.

Мәселенің мәнісі сол, ау­дан­дық әкімдік қызмет­кер­ле­рі­нің Красноармейка ауылы­на барғылары келмейтін си­яқ­ты. Аудан орталығын қала ір­гесіндегі ауылға көшіріп, қа­лып­тас­тыру үшін респуб­ли­калық бюд­жеттен 10 млрд теңге бө­лі­н­у керектігін, оның іске асу-ас­пауын қыз­меткерлер есепке алып көрсе, аудан орталығы болуға Красноармейка ауы­лының лайықты екенін түсінер еді.

 Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,

Павлодар ауданы,

Павлодарское ауылы