Аймақтар • 04 Қазан, 2017

Зырян ауданында әлеуметтік нысандарға жылу берілді

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зырян ауданында барлық әлеуметтік маңызды нысандарға жылу берілді. Шығыс Қазақстанда соңғы жылдармен салыстырғанда жылу беру маусымы биыл әдеттегіден ерте басталды. 

Зырян ауданында әлеуметтік нысандарға жылу берілді

Оны мамандар күн райының өзгеріп, ауа температурасының төмендеуімен түсіндіреді. Облыс әкімі баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, аймақ басшысы Даниал Ахметовтың әлеуметтік нысандарға дереу жылу беру жөніндегі
тапсырмасын дер кезінде орындағандардың бірі - Зырян ауданы.

Қазіргі таңда қаладағы 9 мектепке дейінгі мекемеге, 40 білім ордасына, 2 интернат пен 12 денсаулық сақтау нысандарына жылу берілген. Аудандық қазандық қыстың сақылдаған сары аязын қарсы алуға мерзімінде дайын болғандықтан, тұрғын үйлерге де жылу уақытымен беріліп жатыр.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Зырян ауданы