Тастағы тарих

Есте жоқ ескі замандардан бастап-ақ ежелгі адамдар өзінің арман-қиялын, түйсігімен сезгенін, санасымен топшылағанын үңгірлердің қа­бырғаларына өрнектеп салған, тастарға бәдіздеген. 

Егемен Қазақстан
05.10.2017 361
2

Кей-кейде бағ­зыдағы емле әріптерінің сына тү­рінде болып келуінің басты себебі де­ сол, оларды тасқа қашап жазу ың­ғайлы болғандықтан шығар деп ойлаймыз. Қалай десек те, адам­зат тарихының талай-талай па­рақ­тары мәңгі өшпестей етіп тас­қа жазылғанын, әмбе ешқашан жойылып кетпестей етіп таспен жа­зылғанын ешкім жоққа шығара ал­майды. 

Иә, жаңылыс айтып тұрған жоқпыз, жер бетіндегі жеті ықылым дүниенің дәурен-көшінде тасқа жазылған тарих бір бөлек те, одан басқа таспен жазылған тарих бар. Антикалық Эллада мен ежелгі Римнен қалған мың сан заттық ескерткіштер жауһарларының басым бөлігі тастан жасалып, тастан тұрғызылып, тастан салынған жоқ па. Бұлардың ішінде көне заманның ең үлкен де айбынды амфитеатры саналатын Колизей, барлық құдайлардың үйіне баланатын Пантеон, Римнің өзі пайда болған Капитолий төбесіндегі Капитолий храмы, Грекияның ғасырлар қойнауынан жеткен ғаламат жәдігер ескерткіші Акрополь және басқалары жалпы адамзаттың да, осынау елдердің де ұлттық мәдени-тарихи мұрасы бо­луымен қатар ежелгі өркениет сырына бойлатар таспен жазылған тарих екендігі және даусыз

Әрине ежелгі Грекия мен Рим тарихын тәпсірлеген сол замандардың жазба айғақтары да жетерлік. Әйткенмен ХІХ ғасырдың екінші жартысында Генрих Шлиман Кіші Азиядан Троя қаласының тас қорғандары мен қамалдарын тап­пағанда, көне грек әдебиетінің ең байырғы ескерткіші – Гомер қарияның эпикалық «Илиада» жырының оқиғасы әлі күнге дейін аңыз, ертегі күйінде қалып қоюы да ықтимал еді-ау.

Оны айтасыз, соңында қалған мәң­гілік, тастан соғылған ескерткіштері болмаса, испан конкистадорлары тып-тыйпыл етіп қырып тастаған ацтектер, инктер мен майялар өркениеті адамзат тарихынан із-түзсіз, зым-зия жоғалар еді. Тұтас жартастан қашалып жасалған Малиналько ғибадатханасы, тастан мүсінделген құдайлар, сәулет өнерінің жауһарына жатар Күн қақпасы, Күн құдайының ғибадатханасы бастаған Алтын сарай топтамасы, бұдан басқа да толып жатқан тас көнеліктер арғы тегі азиялықтар деп те болжанатын осынау мексикалық үндістердің ертедегі биік өркениетін болашақ ғасырларға паш етуде. Сөйтіп тұтас бір халықтардың тарих сахнасынан өздері кетсе де таспен жазған тарихтары қалып, адамзат әулетімен бірге жасасып, талай ойлы көкіректерді тебірентіп, толғандырып келеді.

Тарихты таспен жазудың барлық замандардағы бүкілжаһандық эталонға айналған ғаламат үлгісі, әлбетте, Мысыр пирамидалары мен Қытай қорғаны. Перғауындар еліндегі бір шайқасты бас­тар алдында Наполеон пирамидаларды нұсқап өз армиясына: «Уа, сарбаздарым! Сендерге қырық ғасыр қарап тұр» деп дем берген екен. Тарихтың қат­парлы қойнауларының ең көне то­лағай артефактілері дүниежүзілік тарих оқулығының ашық бетіндей болып көрінеді. Артта қырық ғасырын қал­дырған Ніл дарияның аңғарындағы тарих Гималайлары осы тапжылмай тұрған қа­лыптарында тылсым арқалап, алдағы қырық ғасырына жол тартып адымдап барады. Еңку-еңку жер шалған тарих кейуанасы – Қытай қорғаны да осындай, болашақтағы жүрер жолы өзінің ұзын ырғасынан ұзын.

Ұзынқұлақ айтады: қытайлар бұл қорғанды біздің жаужүрек бабаларымыздан қорғану үшін нешеме ғасырлар бойы тұрғызған дейді. Сондай еңселі бабаларымыз өздерінің өрлік пен ерлікке толы тарихын тасқа да жаза білген, таспен де өріп жазған. Мұның бірден-бір басты дәлелі – Орхон-Енисей ескерткіш жазбалары. Дат ғалымы В.Томсеннің көне түркі руникасының кілтін тауып, құлпын ашуының арқасында ортағасырлық түркі қағанаттарының қалтарыста қалған қаншама тарихы жалғанның жарығына шықты. Білге қағанды, Тоныкөк дананы, Күлтегін ерді солай, тасқа таспаланған тарихымыздан танып білген едік.

Одан қала берді қазақ жері – таңбалы тастардың отаны. Жетісу жеріндегі «Таңбалы» петроглифтер кешені. Іленің бойындағы әлемдік ғылым айналымына алғаш Шоқан қосқан Таңбалы тас­ шатқалы. Таңбалы Нұра. Басқа да­ өрнекті, оюлы, шимайлы жартас­тар. Бұларда ғасырлар бойы қазақ даласын қоныстанған тайпалардың мыңдаған таңбалары, ұрандары, тасқа ойып түсірген әдемі өрнектер, «қошқар мүйіз», «түйе табан», «кісінің ізі», «аттың ізі», т.б. белгі-бе­дерлер көптеп кездеседі. Ғалымдар айтса айтқандай, олар – «тарихтың зор куәлігі». Ай­талық, Таңбалы Нұра жартасындағы таңбалар ХІ-ХІХ ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл арада 1710 жылы жоңғарға қарсы соғыста үш жүздің басын қосқан үлкен жиын өткен. Халқымыз қасиеттеп кие тұтқан таңбалы тастар сыры осындай.

Ежелгі Отырардың орнындағы қамал мен қорған қирандылары, Арыстан баб пен Әзірет Сұлтан кесенелері, Қозы Көрпеш-Баян сұлу мен Айша бибі мазарлары да бабаларымыздың таспен жазған тарихы. Қазақ елі әлі тастан сомдап талай ғажайып тарихтар жасауға жазсын!

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

«Егемен Қазақстан» газетінің журналистері болашақ тілшілермен кездесті

21.11.2018

Нұрболат Ахметжанов: Көне тарих көмескі тартпасын

21.11.2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

21.11.2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

21.11.2018

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

21.11.2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

21.11.2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

21.11.2018

Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

21.11.2018

Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

21.11.2018

Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

21.11.2018

Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады

21.11.2018

Жапония мен Грузия дзюдошылардың қарқыны күшті

21.11.2018

Дархан Кәлетаев: Ұлы даланың ұлағаты

21.11.2018

Португалияда Дәрежан Өмірбаев фильмдерінің рестроспективасы өтіп жатыр

21.11.2018

Шымкентте дәрігерлер тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсетті

21.11.2018

Израильдегі халықаралық турнирде Маңғыстаулық гимнасшылар 8 медаль иеленді

21.11.2018

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұшақ ер адамды қағып кетті

21.11.2018

«Туған жерге тағзым» жобасы Түркістаннан басталды

21.11.2018

Елбасы: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға мүмкіндігіміз бар

21.11.2018

Алмасбек Әбсадық: Мазмұны терең ой-толғам

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу