Білім • 05 Қазан, 2017

Қостанайда мектептер тарихы туралы кітап шықты

574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда «Қалдырған ізің мәңгілік» атты танымдық кітапті құрастырған журналистика ардагері Қажы Қорған баспасөз мәжілісін өткізіп, жаңа еңбекті таныстырды.

Қостанайда мектептер тарихы туралы кітап шықты

 Кітапта 300-ден артық мектептің тарихы қамтылған. Онда тек білім ұясының тарихы ғана емес, сол мектептерде сабақ берген белгілі ұстаздар, атақты түлектер туралы да кеңінен мәлімет беріледі. Мысалы, қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі Кәкімжан Наурызбаев, академиктер Манаш Қозыбаев, Өмірзақ Сұлтанғазин секілді халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдыздар білім алған мектептер тарихы өте қызықты баяндалады.

«Кітапты шығарудағы басты мақсатымыз мұғалімдердің беделін көтеруге, оларды ұлықтауға атсалысу болатын. «Үш жүздің басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдікі» деген Мағжан атамыздың сөзі ұстазға деген құрметтің ұранындай болуы тиіс. Осыны жас ұрпақтың көкейіне құюды парыз санадық», деді Қажы Қорған. 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар