Бокс • 05 Қазан, 2017

Маңғыстауда бокстан Х халықаралық турнир басталды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтау қаласында бокстан қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған Х халықаралық турнир басталды.  

Маңғыстауда бокстан Х халықаралық турнир басталды

4-7 қазан аралығында өтетін турнирге Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Польша, Әзербайжан, Финляндия, Моңғолия, Түрікменстан, Белорусия, Армения мен Грузиядан 200-ге жуық спортшы қатысады. Бұл спорт сайысына Қазақстанның барлық өңірлерінен командалардың және шетел өкілдерінің қатысуы – аталған турнир беделінің артып келе жатқанының айқын дәлелі.

- Біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі – жастарға деген қамқорлық. Ол үшін Маңғыстау облысында барлық жағдай жасалған. Соның ішінде жастар арасында бокс танымалдыққа ие. Спортшылар әрбір спорт сайысына үмітпен келеді. Бүгін сіздер ержүректік танытып, көрермендеріңізге қызықты әрі тартысты жекпе-жек сыйлайды деп сенемін. Ш.Бөлтекұлын еске алуға арналған турнир, барлық қатысушылар үшін жаңа жеңістер мен жетістіктерге жол ашатынына сенімім мол. Турнирдің барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына сәттілік пен жеңіс тілеймін,  деді турнирдің ашылу салтанатында Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы