Парламент • 05 Қазан, 2017

Сенат комитетінде «Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Сенат комитетінде «Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

2013 жылғы 2 сәуірде Нью-Йоркте жасалған Шарт мынадай санаттар шеңберіндегі кәдімгі қару-жарақтың барлық түрлеріне қолданылады: жауынгерлік танктер, жауынгерлік брондалған машиналар, үлкен калибрлі артиллериялық жүйелер, жауынгерлік ұшақтар, жауынгерлік тікұшақтар, әскери кемелер, зымырандар мен зымырандық ұшыру қондырғылары, атыс қаруы мен жеңіл қару-жарақ.

Осы Шарттың ережелерін жүзеге асыру үшін әрбір қатысушы мемлекет ұлттық бақылау тізімін қоса алғанда, ұлттық бақылау жүйесін құрады және пайдаланады, сондай-ақ осы Шартқа қатысты мәселелер бойынша ақпарат алмасу үшін ұлттық байланыс орталығын тағайындайды. 

Шарттың қатысушы мемлекеттері кәдімгі қару-жарақтың экспортын немесе экспорты бойынша нақты операцияларды жүзеге асыруға рұқсаттар беруді ұлттық есепке алуды жүргізеді және кәдімгі қару-жарақтың рұқсат етілген немесе нақты экспорты мен импорты туралы ақпаратты қамтитын алдыңғы жыл бойынша баяндаманы жыл сайын ұсынады.

Шартта кәдімгі қару-жарақты, оқ-дәрілер және зақымдау құралдарын, бөлшектері мен компоненттерін беруге тыйым салу жағдайлары да жазылады.

Осы Шартты ратификациялау кәдімгі қару-жарақтың халықаралық саудасына бақылауды белгілеу және күшейту арқылы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ олардың заңсыз қайта бағытталуының және заңсыз айналымының жолын кесуге ықпал ететін болады.   

Заң жобасы Палата қарауына ұсынылды.