Әдебиет • 05 Қазан, 2017

"Тамшыдай еңбегім Тәуелсіздік үшін" атты шығармашылық кездесу өтті

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы Жәди Шәкенұлының "Тамшыдай еңбегім Тәуелсіздік үшін" атты шығармашылық кездесу кеші өтті. 

"Тамшыдай еңбегім Тәуелсіздік үшін" атты шығармашылық кездесу өтті

Жиын барысында жазушының түрік тілінде шыққан "Қаралы көш" романы мен "Жүрек неге жылайды" атты әңгімелер жинағының таныстырылымы болды. Сондай-ақ кездесу аясында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы және қоғамдағы рөлі жайында әңгімелер қозғалды. 

Салтанатты іс-шараға белгілі жазушылар мен әдебиетшілер, өнер адамдары, сонымен қатар жазушының шәкірттері мен ізбасарлары, сонымен қатар жазушы-жыршы Баянғали Әлімжанов, жазушы-драматург Роза Мұқанова, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы, ақын Ербол Бейілхан мен танымал журналист Бекен Қайратұлы қатысты.

Жәди Шәкенұлы - жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы мен Еуразия жазушылар одағының мүшесі, халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі. 1967 жылы 5 мамырда Қытайға қарасты Алтай аймағында Ертіс өзені жағасындағы Шірікши ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Алтай аймақтық педагогика мектебін, 1991 жылы Шыңжаң оқу-ағарту институтын, тарих мамандығы бойынша 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантура бөлімін тәмамдаған.