Жастар – бірінші, ересектер екінші орында

Венгрия астанасы Будапешт қала­сында өткен армрестлингтен әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құра­масы табысты өнер көрсетті. Таяуда Ұлан ауданының бір топ ақсақал­дары Өскемен әуежайынан Ұлан және Көкпекті аудандары­ның құр­метті азаматы, қол күресінен әлем­нің үш дүркін чемпионы, Азияның 10 дүркін чемпионы, елімізде және Азия­да да қол күресі мен гір тасын көтеру спорты феде­ра­цияларын басқарған, қазір құрметті президент Мұқан Ағзамовты қарсы алды.

Егемен Қазақстан
06.10.2017 3554
2

Ауылда тұрса да ұзақ жылдар қол күресі мен гір спортының Қазақ­станда өркендеуіне өлшеу­сіз үлес қосқан, талай  чем­пион­дарды баптаған атақты ұстаз өзін қолпаштап қарсы алған аға­лары мен достарын көргенде қатты толқыды. Ұлан аудандық мәс­ли­хатының депутаты Нұртай Тілеу­жан жырмен шашу шашқан сәт ерекше әсерлі болды.

– Отыз жылда мұндай құрметті тұң­ғыш рет көріп тұрмын. Өз ба­сым мақтанғанды ұната бер­мей­­мін. Дүбірлі жарыстарға бара жатқанда елеусіз аттанып, қай­тарда да басқаларға сал­мақ салмай келетінмін. Ұлан елі, жері де бай ғой. Адамдары қан­­­дай жарқын, достыққа адал. Сіз­­дер­­ге ерекше алғысымды біл­дір­­гім келеді, деді Мұқан Сағидоллаұлы.

Шіркін адал достыққа не жет­сін! Айшылық алыстан табыс­пен оралған, ел намысын абырой­мен қорғаған азаматтарға қандай құрмет көрсетсе де жарасымды ғой.

Мұқанның достары ақ дас­тар­қан жайып, Мажарстанда қол кү­ресінен өткен 39-шы әлем чем­­пионаты жайлы сұрады.

– Будапештегі әлем чемпио­наты­на 55 мемлекеттің 1600-ге жуық ығай мен сығайлары жи­налды. Олардың арасында бір­неше дүркін әлем чемпиондары болды.

Қазақстаннан бапкерлер мен қол күресінің 84 шебері барды. Әлем чемпионатының тәртібі бойынша, жарыстың бірінші және екінші күні 18 бен 23 жастағы спортшылар сынға түсті. Одан кейін, 40-50, 50-60, 60 жастан асқан ардагерлер арасында бірнеше топ болып жүлделерді сарапқа салдық. Сенесіз бе, жас­тарымыз жарады.

Финалда тек қазақ спортшылары өнер көр­сеткен кезде, шетелден келген мамандар мен жанкүйерлер «Бұл әлем чемпионаты ма, жоқ әлде Қазақстанның біріншілігі ме?», деп таңданыстарын жасыра алмады. Ұлан ауданынан барған әлемнің екі дүркін чемпионы Ораз Басаров бұл жолы оң және сол қолмен кездесуде күміс медаль иеленді. Аға жаттық­тыру­шы Ерлан Уәлиевтің тағы бір шәкірті чемпион атанды. Семей­лік екі жігіт те жеңістің биік тұғы­рына көтерілді. Жерлесіміз, Күршімнің тумасы, қазір Аста­нада тұратын Еркін Әлімжан чем­пион, ақтөбелік, бұл күндері Алматыда тұрып жатқан Әділ­бек деген азамат күміс жүлдегер атанды. Еліміздегі қол күресі федерациясының президенті, әлем, Азия чемпионы, менің шәкіртім – Марат Асайынов ерледі. Чемпиондарды баптаған, дүбірлі додаға зор әзірлікпен, 12 бапкер бастап барған команда жастар арасында бірінші, ал ересек­тер арасында екінші орын­ға табан тіреді. Әттең мүгедектер, арбаға таңылғандар, мылқау, көзі көрмейтіндер арасындағы жарыс­қа толық құрамда команда апара алмадық. Егер толық құрамда барғанда ересектер арасында да бірінші орынды бермес еді. Қол күресі ерекше дамыған Оңтүстік Қазақ­стан облысы Шардара қала­сының әлем чемпионы Арман Қарсыбаев басқаратын клубында жаттығатын алты баланың төр­теуі алтын, ал екеуі күміс жүл­де иеленді. Алпыс жастан асқан ардагерлер арасындағы бірін­ші­лікке 17 спортшы қатысып, өзім жүлдегер атандым. Рас, бұл жолы бабым келіспеді. Оның үстіне ауылда тұрамын, бірге жатты­ғатын адам жоқ, басқа жұмыстар да бастан асып жатыр. Келер жылы Анталияда өтетін әлем біріншілігінде топ жарсам деген ой бар», деп ағынан жарылды Мұқан Ағзамов.

Қол күресі спортын өрге өгіз­дей сүйреп келе жатқан Мұ­қан Сағидоллаұлы елімізде феде­ра­цияны 1992 жылы құрды. Содан бері оның жетекшілігімен елімізде бірнеше әлем, Азия чемпионаттары өтті. Қазір Қазақстанның қол күресі және гір спорты құрамасы әлемдік рейтингте екінші орында тұр.

2011 жылы Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сара­йында Мұқан Ағзамовтың 60 жасқа толуы құрметіне қол күре­сі­нен әлем чемпионаты өтке­ні­нен көпшілік хабардар болар. Сол жолы 48 мемлекеттен 1300 саңлақ келіп, жеңімпаздар атақты спортшының қолынан кубок пен марапатқа ие болған. Ауылда тұрса да, еліміздегі қол күресінің өсіп-өркендеуіне үлес қосып келе жатқан, ғалым, өнертапқыш азаматтың есімі еліміздегі Гин­нес­тің кітабына енбеуі қалай деген сауал туындайды? Еш­тен кеш жақсы, деген емес пе, Мұ­қан сияқты азаматтарды қалай құр­меттесек те лайықты.

 

Оңдасын ЕЛУБАЙ,
журналист
ӨСКЕМЕН
Суретте: Мұқанды (оң жақтан үшінші) жерлестері қарсы алды.
Суретті түсірген автор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

21.09.2018

Жер үстінде жұмақ бары рас па?

21.09.2018

Зейнетақы қоры жалған қауесетті жоққа шығарды

21.09.2018

Димаш Акимов: Көрерменім «Адам» атандырып жіберді

21.09.2018

Қостанайда 11500 адам бірыңғай жиынтық төлем төлейтін болады

21.09.2018

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг көз жұмды

21.09.2018

Роналду алғаш рет ойыннан қуылды

21.09.2018

Qasiet pen qasiret

21.09.2018

Жабайы бәсекелестік немесе жолаушыларды заңсыз тасымалдау белең алып барады

21.09.2018

Ректор Мәлік Ғабдуллин

21.09.2018

Парасаттылық пен азаматтықтың өнегесі

21.09.2018

Танзанияда паром суға батып, 44 адам қаза тапты

21.09.2018

Антон қарттың айтқандары

21.09.2018

Көшенің сәнін келтіріп...

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу