Әдебиет • 06 Қазан, 2017

Сыр ашу

459 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлем әдебиеті туралы лекцияларына қосымша

Сыр ашу

Бүгінгі алмағайып уақытта біреулер үшін әдебиетпен шұғылдану, сөз құры­лымы мен стилін зерттеу – уақыт пен ең­бек­тің зая кетуі болып есептелетін шы­ғар. Әркімнің сана-сезімі әрқандай бол­са да, бәріне ортақ бір түсінік барын анық білемін. Сөз бен стильді зерттеу зая еңбек деп ойлайды.

Бірақ мен қан­дай адам болсын, көркем ойласын, я ой­ла­масын, мына дүниеде күнделікті тір­ші­ліктен басқа да ұғымдар бар екенін бір сәт болса да ойлайтындарына сенгім келеді. 

Мен оқуға шақырған, осылай түсіну­ге болады деп шамалаған романдар сіз­дер­дің күнделікті тұрмыстарыңызға қажет ілімді үйретпейді. Офистік қыз­ме­тіңізде де, әскери жиындарда да, ас үй мен балалар бөлмесінде де кәде­ңізге жарамауы әбден мүмкін. Сіздер қабылдауға, мен түсіндіруге тырысқан білім – әсемдік. Саясатты да, әйел мен боз­­ба­ланың жүре­гін түсінуге де сеп бола алмайтын әсем­дік. Бірақ менің айт­қан ережелерімді сақ­та­саңыздар шын өнер­ден туған шабыт қуанышын сезіп, эсте­тикалық ләззат алуға қол жет­кізер едіңіз­дер. Әлем әдебиетінің классик­тері туралы лекцияларым арқылы мен ғажайып ойыншықтардың тетігін тапқым келді. Сіздер нағыз оқырман болса деп ар­­ман­дадым. Кітапты бала сияқты қаһар­­ман­дармен жарысу үшін емес, уни­верси­­теттен я өмірден жалығып, басқа әлем­ді қыз­ықтағысы келетін студенттерге тән қия­лилықпен де емес, өмір мен өнердің ара-қатынасындағы нәзік тін­дерді сон­шалықты терең түсініп, түйсі­нетін қа­бі­летпен оқитын дәрежеге жет­кізгім кел­ді. Сіздерге кітаптың фор­­масын, маз­мұнын, жазу өнерін түсін­діруге ты­­рыс­тым. Кітаптың айналасы туралы айт­­қан жоқпын. Әр роман­ның жүрек қа­ғы­сы туралы жырладым.

Біреуі­ңіз бұл сө­зімді ұғып, біреуіңіз тың­да­май­тын да шы­ғарсыздар. Үлкен өмірге аралас­­қан сәт­тен біріңіз ұлы романдарды оқу­ды жал­ғас­тырып, енді біріңіз мүл­де кітап бетін аш­пайтын боласыздар. Ал сөз шебер­лері­нің кітаптарын ешқа­шан түсін­бей өте­тін шығармын деп ойлай­тын­­дары­ңыз, мүл­де кітап оқымай-ақ қойған­­дары­ңыз аб­зал. Одан қызық тауып, ләззат алма­са­ңыз­­дар бәрі бекер. Басқа да сала­лар­дың өз қызығы бар ғой.

Бірақ ғылым мен өнер­­дің қызығы ешқа­шан тең келе ал­май­ды. Өнер – биік. Егер соны сезіне алма­­сақ, өмірдің бір ғанибе­тін­ен құрала­қан қаламыз. 

Владимир Набоков

Аударған 
Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан

Соңғы жаңалықтар