Бизнес • 06 Қазан, 2017

Құс фабрикасының қарқыны жоғары

473 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан «Әулие-Ата Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасы жылына 4000 тоннаға дейін бройлер етін өндіреді. Осыдан 9 ай бұрын пайдалануға берілген аталмыш фабрика қазіргі уақытта өнімді жеткізу географиясын кеңейту бойынша жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар өндірісті одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

Құс фабрикасының қарқыны жоғары

Жобаның жалпы құны 2 миллиард теңгені құрайды. Ал атал­ған қаржының 1,2 милли­ард теңгесі «ҚазАгро» хол­дингі­нің құрылымындағы ком­пания «ҚазАгроҚаржы» ак­ци­онер­лік қоғамы арқылы қар­жы­лан­ды­­рылады. Кәсіпкерлікті қол­дау және оны насихаттау мақ­са­тында «ҚазАгро» холдингі Бай­зақ ауданына журналистер үшін тур ұйымдастырып, оған республикалық газеттер мен телеарналардың Жамбыл об­лысындағы меншікті тілші­ле­рі, сондай-ақ облыстық басы­лым­дардың тілшілері қатыс­ты. «Әулие-Ата Феникс» жауап­кер­ші­лігі шектеулі серік­тест­ігінің ди­ректоры Фарида Жүнісова жур­налистерге сұхбат беріп, фаб­риканың бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігімен таныстырды. «Бүгінде кәсіпорын «Халал» стандарты бойынша жоғары са­палы құс етінің өндірісін жол­­ға қойды және жыл ба­сы­­нан бері 3 мың тоннадан ас­там өнім шы­ғарды. Алғашқы экс­порт Ре­сей мем­лекетіне шы­ға­рыл­ды. Ен­ді басқа елдерге де экс­порт­тық мүм­кіндіктерді ке­ңейту мақ­­са­тында келіссөздер жүр­гі­зі­луде», дейді Ф.Жүнісова. Сон­дай-ақ кәсіпорын бас­шысы құс өнімі Қазақстанның барлық ай­мақтарымен қатар, Астана қа­ласын да қамтитындығын айтып өтті.

Өндіріс орны негізінен 1978 жылы салынған. Алайда тоқса­нын­шы жылдардағы күрделі кезеңде жұмыс істемей қалған кәсіпорын түйетауық өсіретін ескі құс фабри­ка­сының базасында құрылған. Ал жобаны іске асыру барысында 16 тауыққораға, қоймаларға, зертханаға және әкімшілік ғимаратына күрделі жөн­деу жүргізілген. Сондай-ақ сою және қоспажем цехтары қай­та қалпына келтіріліп, инкуба­тор үйі салынған. Бұл тұрғыда мем­лекеттің де қолдауының аса маңызды екенін атап өткен жөн. Мәселен, «Бизнестің жол кар­тасы-2020» бағдарламасы шең­берінде нысан құрылысы кезінде 547 миллион теңгеге комму­ни­кациялық жүйелердің кеңейтілген желісі жүргізілген.  

Кәсіпорын басшысы фабри­ка­ның болашақ жоспарлары­мен де бөлісті. «Алдағы уақыт­та «ҚазАгро» холдингінің қол­дау­ымен кәсіпорынның қуатын 20 мың тоннаға дейін жеткізу жос­парда бар. Құс шаруашылығы ке­ше­ні өңір­де 40 сауда орнын ашу­ға мүм­кін­дік береді», дейді Фарида Аман­са­рықызы.

Жалпы, Қазақстанның құс ша­руа­шылығы саласында 2010 жыл­­дан бастап отандық құс фаб­ри­­к­аларының өндіріс көле­мі­нің өсі­мі 136,4 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ сала дамуының оң ди­намикасына «ҚазАгро» ұлттық холдингінің инвестициялық жобаларды қаржылай қолдауы ық­пал еткенін де айтып өту керек. 

Жамбыл облысы бойынша «ҚазАгро» холдингінің ин­вес­тициялық қоржынында құ­­ны 8,4 миллиард теңгенің жо­­ба­сы бар. Сонымен қатар Бай­­зақ ауданындағы «Әулие-Ата Фе­никс» құс фабрикасы жә­не Т.Рысқұлов ауданындағы «Лу­г­о­вой жылқы зауыты» жау­ап­кер­­шілігі шектеулі серік­тес­­ті­гі облыстағы ең ірі жо­ба­лар қа­тарына жатады. Айта ке­тей­ік, ағымдағы жылы облыс­та «ҚазАгро» желісі бойынша 900,1 миллион теңгеге 7 несие се­рік­­тес­тіктері қаржы­лан­дырыл­ған. Ал­дағы уақытта да атал­ған серік­тес­­тіктер Әулие­ата­ның әлеуетін арт­­тыратын жобалар қатарынан кө­­рінетін болады. 

 

 

  Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан» 

 Жамбыл облысы