Жекпе-жек • 06 Қазан, 2017

Абылайхан Шаратов – дзюдодан Гран При турнирінің қола жүлдегері

1077 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Шаратов  дзюдодан Ташкентте  өтіп жатқан Гран При турнирінде қола жүлдегер атанды.

Абылайхан Шаратов – дзюдодан Гран При турнирінің қола жүлдегері

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Абылайхан Шаратов алғашқы айналымда ауғанстандық Аликозай Зелжайды ипоонмен жеңіп, екінші айналымда өзбекстандық Шарафуддин Лутфиллаевқа есе жіберді. Жұбаныш белдесуінде Өзбекстан дзюдошысы Субхнонов Рахимжанды жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Қола жүлде үшін белдесуінде отандасымыз Достон Рузиевті уақытынан бұрын иппон ұпайымен жеңіп, Гран При турнирінің қола жүлдесін иеленді.

Естеріңізге сала кетсек, Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан Гран При турнирі қазанның 8-іне дейін жалғасады. 3 күнге  жоспарланған әлемдік Гран При кезеңінде әлемнің 27 елінен 183 татами шеберлері өзара мықтыны анықтайды.