Кәсіпқой бокс • 07 Қазан, 2017

Жақиянов-Барнетт жекпе-жегі қай уақытта басталатыны белгілі болды

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) пен WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов 27-1, 18 КО) арасындағы кездесу қай уақытта басталатыны белгілі болды. Бұл туралы vesti.kz  хабарлады. 

Жақиянов-Барнетт жекпе-жегі қай уақытта басталатыны белгілі болды

 

Отандасымыздың менеджері Филипп Фондюдің айтуынша, қазіргі уақытта Белфест қаласында (Солтүстік Ирландия) өтетін бокс кешінің кестесі Sky арнасымен талқыланып жатыр. Дегенмен де екі боксшының командасы алдын ала құрылған жоспардан шығып кетпейді. 

"Қазір біз бокс кешіне қатысатын барлық былғары қолғап шеберлерінің шаршы алаңға шығатын уақытын бекітіп қойдық. Тіпті, ол кестенің алдын ала жасалған нұсқасын да көрсетуге болады. Өйткені, Sky арнасымен де келісімге келдік. Жекпе-жекті көрсету құқығы толығымен осы арнаға тиесілі. Алайда, біз барлығын жоспар бойынша жариялап отырамыз. 

Қазір Жақиянов пен Барнетт арасындағы бокс кешінің қай уақытта басталатынын айтуға болады. Бокс кеші Астана уақытымен 00:30- да (21 қазаннан 22 қазанға қараған түні) басталады. Ал кештің басты жекпе-жегіне шығатын Жақиянов пен Барнеттің кездесуі 03:45-те басталады деп жоспарлап отырмыз", дейді Фондю. 

Бұған дейін аталған жекпе-жек кешін Қазақстан аймағында да тікелей эфирде көрсетілетіні белгілі болды. Жергілікті арналардың біріне еуропалық Silver Spring Media компаниясы трансляцияны жеткізіп береді. 

Еске салайық, бұл кешке Жанат Жақиянов жеңіл салмақтағы WBA (Super) белбеуін бірінші рет қорғайды. Ал өз кезегінде Барнетт бұл кездесуде IBF белбеуін ортаға салады. 

Бокс кеші 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.