Футбол • 08 Қазан, 2017

Қазақстан – Армения – 1:1

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші таймда Мирошниченконың оң қапталдан әуелетіп берген добына бірінші болып жеткен Мұртазаев баспен соққы жасап, жанкүйерлерді ах ұрғызды.

Қазақстан – Армения – 1:1

Ойынның 60-минутында қонақтардың 20 нөмірлі ойыншысы Симонян соққы жасап үлгерді. Артынша қарымта шабуылға көшкен қазақстандықтар есепті теңестіріп кетті.

Ойынның 61-минутында сол қапталдан Роман Мұртазаевтың әуелете берген әдемі пасын Бауыржан Тұрысбек қақпаға дәл бағыттап, есепті теңестірді. Бұл Бауыржанның құрама сапында соққан екінші голы. Алғашқы голды осыдан үш күн бұрын Румыния құрамасына соққан еді.

Ойынның 75-минутында Мхитарянның жасаған қауіпті соққысы абырой болғанда қақпамыздан биік кетті. Ойынның 90-минутында оң қапталдан Симонян тепкен допты Логвиненко баспен қайтарып, құраманы жеңілістен аман алып қалды. Қалған уақытта кішігірім шабуылдар орын алғанымен, қос қақпашы да анау айтқандай көп терлей қоймады.

Осылайша қос құрама 1:1 есебімен тең тарқасты.

Алмас МАНАП,
"Егемен Қазақстан"