Еңбек даулары оңтайлы шешіліп келеді

Кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 83-қадамын іске асыру аясында Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексінің жаңа моделін енгізу барысы талқыланды. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева жетекшілік еткен жиында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндама жасап, жаңа Еңбек кодексі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың әлеуметтік-еңбек қатынастарының жаңа үлгісін қалыптастыру мен халықтың жұмыспен нәтижелі қамтылуын кеңейту жөніндегі алға қойған міндеттеріне сай қолға алынып жатқандығын атап өтті.

Егемен Қазақстан
10.10.2017 1102
2

Ұлт жоспарының 83-қа­да­мына орай әзірленген жаңа Еңбек кодексі 2016 жылғы 1 қаң­тардан бастап күшіне ен­ген. Бүгінде аталған құ­жат аясында реттелетін ең­бек қа­тынастарына ел тұрғын­дары­ның 70 пайызы тартылған.

Жиынды ашқан Г.Исим­баева жаңа Кодексті қол­данып отырған қазіргі ке­зең­ге дейінгі аралықта еңбек сала­сындағы көптеген базалық көрсеткіштер бойынша оң серпіліс байқалғанын тілге тиек етті.

«Атап айтқанда, Қазақстан Дүние­жүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабі­лет­тілік жөніндегі Жаһандық индексінде «Еңбек нарығының тиімділігі» факторы бойынша 140 мемлекеттің ішінен 35-орынға ие болды. Десек те, біз негізгі мәселенің бірі – дағдарысқа қарсы шаралардан еңбек нарығын реттеудің ұзақ мерзімді, жүйелі іс-қимылына көшу жөнінде, төртінші өнеркәсіптік революция, жедел жүзеге асып жатқан цифрландыру және роботтандыру процестері туралы және еңбек ресурстарының босауы жөнінде ойлануымыз керек.

Бұл мәселенің бәрі Үкімет сағаты тақырыбының маңыздылығын айқындайды», деді ол.Содан кейін сөз алған Ең­бек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрі Т.Дү­й­сенова тарапынан бүгін­де қабылданған кешенді ша­ра­лардың нәтижесінде жасалған ұжым­дық шарттардың саны 9 пайызға өсіп, еңбек дауларын шешудің сотқа дейінгі инс­ти­тут­тарының қызметі (татулас­тыру және келісім комиссия­лары, медиация) дамып жат­қандығы айтылды.

«Еңбек тәуекелі карта­лар­ын­д­ағы ақпаратты ескере отырып, биылғы жылы ең­бек инспекторлары Еңбек кодексінің жаңа нормаларына сәйкес, зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайындағы 149 кәсіпорында болды. Осы орайда айыппұл санкцияларынсыз еңбек қауіпсіздігі стандарттарын орындау тұрғысында жұ­мыс берушілерге 300-ге тар­та ұсыныс берді. Оның ішін­де бүгінде 240-қа жуығы орын­далды.

Үшжақты комис­сия­ның отырыстарында еңбек­ақы бойынша қарыздары бар 294 кәсіпорын қаралды. Осы жылдың 8 айында 17 жұ­мыс­шының алдындағы 2,2 мил­лиард теңге еңбекақы қары­зы өтелді. Сонымен қатар жұмысшыларды босату­ды жоспарлаған 396 кәсіп­орынның 5 мың қызметкерін жұ­мыстан шығару қадамына жол берілген жоқ. 100-ден ас­там жұмысшысы бар 250 кәсіпорын еңбек және әлеу­меттік заңнаманы жиі бұзатын тәуекел тобына жатқызылды», деді министр. 

Т.Дүйсенованың сөзіне қарағанда, биыл мемлекеттік инспекторлар 539 жос­парлы тексеру жүргізген. Яғни, тексерулер саны 2014 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам деңгейге азайған болса, ал тек­серулер тәуекел тобына ен­ген кәсіпорындарда ғана іске асырылыпты. Сондай-ақ аза­маттардың шағымы бойынша 5 136 жоспардан тыс тексеру жасалған. 

«Оның басым бөлігі жұ­мыс­қа алу мен босату мәселе­лерін қамтыса, 4 мың кәсіп­орында 6 мыңнан астам заң бұ­зушылық анықталды. Тексеріс нәтижесі бойынша 326 миллион теңге көлеміндегі айыппұл санкциялары салынып, 761 іс құқық қорғау органдарына жіберілді. Бұл тұрғыда 161 лауазым иелері қызметінен босатылды», деді Т.Дүйсенова.

Отырыс аясындағы тал­қы­лау барысында депутаттар тарапынан жастар мен жас мамандар мәселесіне қатысты пікірлер де айтылды. Айталық, Еңбек кодексінің бірнеше баптарына жаңаша өзгерістер енгізілгендігін атап өткен депутат Жанат Омарбекова еңбек қатынастарының жаңа түрін қалыптастыру мен еңбек заңнамасын ырықтандыру бағытында оңтайлы шешімдер қабылданғанына тоқталды.

«Жаңа Еңбек кодексі бойынша жұмыс барысында, көптеген жұмыс берушілер мен қызметкерлер басшыларға арналған 3 айлық сынақ мерзімінің жеткіліксіздігі туралы наразылық білдірді. Өйткені оларға басқарушылық дағдыларын көрсетіп, дәлел­деуге және жұмыстың бә­рін қабылдап, іс-қимыл жос­парына ену үшін бұл уақыт жеткіліксіз. Кейбір жағдайларда, тәжірибе бойынша жетекші қызметкерлер үшін өтпелі кезең 12 айға дейін болуы мүмкін. Жаңа Еңбек кодексі жартылай шешім ұсынады. 2016 жылдан бастап жұмыс берушi басшылар мен олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлер мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ филиал басшылары мен өкілдері үшін сынақ мерзімін 6 айға дейін белгілеуге құқық беріледі», деді ол.

Сондай-ақ еңбек нары­ғын­дағы жастардың нақты жасы мен олардың практикалық тұр­ғыда жиі кездесетін қиын­дықтары тұрғысында депутат Бақтияр Мәкен мәлімдеме жасады.

«Мысалы, Статистика ко­ми­теті 15 пен 28 жас аралы­ғын жастарға жатқызса, «Мем­лекеттік жастар саясаты туралы» заңда бұл 14-29 жас аралығы деп көрсетілген.

Жастардың жасын осы заңға сәйкес атауды дұрыс деп санаймын. Сол сияқты елімізде оқудың соңғы жылындағы ЖОО студенттері үшін практикалық іс-тәжірибеден өту көп жағдайда, тек, ресми сипатта ғана жүргізіледі. Бұл бағытта «Жұмыспен қам­тудың жол картасы-2020» шең­берінде «Жастар практикасы» бағдарламасы жүзеге асы­рылып жатқанын ескерсек, айтылған жобаларға бақы­лау жасайтын бірыңғай мем­ле­кеттік орган қажеттігі туындауда», деді Б.Мәкен.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

19.09.2018

Атырауда халықты емханаларға тіркеу науқаны басталды

19.09.2018

Велошабандоз Андрей Кивилевтің құрметіне арналады

19.09.2018

Қызылордалық полицейлер «Қалта ұрлықтарынан сақ болыңыздар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді

19.09.2018

Атырауда халықты емханаларға тіркеу науқаны басталды

19.09.2018

Роботтар Қызылорда да құрастырылады

19.09.2018

Алқызыл алау Алматы арқылы өтеді

19.09.2018

Таразда Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылды

19.09.2018

Сауль Альварес IBO чемпиондық титулынан айырылды

19.09.2018

Жаңа жылдан бастап дәрілік заттардың бағалары реттелмек

19.09.2018

Қостанайда ішкі істер органдары ақпараттық қызметтің 100 жылдығы аталып өтілуде

19.09.2018

Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналған кеш өтті

19.09.2018

Солтүстік Қазақстанның қос бишісі Азия чемпионатынан екі алтын медаль олжалады

19.09.2018

Қазақстанның тұрақты өкілі: елдегі жағдайды тұрақтандырудағы жетекші рөл ауғандарға тиесілі болуы керек

19.09.2018

Арыстанбек Мұхамедиұлы фильмдерді қазақ тіліне аударудың үш нұсқасын ұсынды

19.09.2018

«Астана Банкі» лицензиясынан айырылды

19.09.2018

Жауқазын жырлар жалыны

19.09.2018

Тоғыз тонна есірткі тәркіленді

19.09.2018

Жазушымен жүздесу

19.09.2018

Қостанайда Отбасы күні қарсаңындағы акциялар шеруі басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу