Кино • 10 Қазан, 2017

«13 шақырым» «Ресей» деректі фильмдер фестивалінде арнайы жүлде алды

1627 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы уақытқа дейін ондаған деректі фильм түсіріп, таланты Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығымен танылған отандасымыз Владимир Тюлькиннің  «13 шақырым» атты деректі картинасы ХХVІІІ «Ресей» деректі фильмдер фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Бұл кинодода жуырда Екатеринбург қаласында өтті.  

 

 

«13 шақырым» «Ресей» деректі фильмдер фестивалінде арнайы жүлде алды

Мәдениет және спорт ми­нис­трлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «13 кило­метр» деректі фильмінің желі­сіне Серік Боданбаев есімді жігерлі жерлесіміз туралы баяндайды. Фильмнің кейіпкері зағип болса да өз шыдамдылығы мен табандылығының арқасында үлкен шаруа қожалығының иесі болып отыр.

Ал таяуда ғана мәреге жеткен биылғы «Ресей» деректі фильмдер фестиваліне қа­ты­суға 10 елден 280 тапсы­рыс келіп түскен екен. Нә­ти­же­сінде негізгі байқауға Ре­сей, Қазақстан, Эсто­ния және басқа да елдерден 31 картина ірік­телген. Бұл байқауға деректі киноның майталмандары – Иван Твердовский, Владимир Тюлькин, Андрей Оси­пов, Татьяна Скабард, Сергей Голо­вец­кий, Сергей Де­бижев, Борис Ка­раджев жә­не дебютант режиссерлар қатысқан. 

Қазылар алқасында Ресейдің Тенгиз Семёнов (төраға), режиссер және сценарист Галина Леонтьева, «Кино-Сибирь» киностудиясының басшысы, режиссер Евгений Со­ломин, киносыншы Валерий Фомин және кинооператор, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері Евгений Цигель сынды танымал кинематографистер болды. 

Ш.Айманов атындағы «Қа­зақ­фильм» АҚ баспасөз қыз­­меті фестивальдің бас жүл­­десін режиссер Татьяна Ска­бард­тың «Последний парад «Без­заветного» фильмі ием­ден­гені, ең үздік толықметрлі фильм жүлдесі «Приходи свободным» (режиссер Ксения Охап­кина, Тал­лин) картинасына берілгені туралы хабар таратты. Ал үздік қыс­қа­метрлі фильм деп режиссер Анна Ка­торнинаның (Санкт-Петер­бург) «Поморские жонки» танылған. 

 

 Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан» 

 АЛМАТЫ