Ырғайлы сайдағы құпия жазу сапары

Астымыздағы жол таңда­майтын жеңіл көлік ышқына гүріл­деп, солтүстік жақты нысанаға алып бар жылдамдықпен зымырап келеді. Басты бағытымыз – тамыры тереңге жайылған, тари­хы талайды тамсандырған Жар­кент өңірінің Жетісу Алатауы. Іссапарымыздың негізгі мақсаты – әзірге бізге белгісіз аталмыш тау қойнауындағы жартаста жазылған «Беймәлім жазуды» көзбен көріп, суретке түсіріп қайту. 

Егемен Қазақстан
11.10.2017 3073
2

Жол бас­таушымыз – жасы жетпістен асса да жүрісі ширақ, көкірегі толған шежіре, көргендерін көңілге түйе білген Өмірзақ Атубаев (Торғай) ағамыз. Қазыналы қартымыздың туған ел мен жердің, обалар мен тастағы сурет, жазулар сияқты тарихи ескерткіштер туралы айтқан әңгімелері жан дүниеңді баурап, ертегідей елітеді. Осындай бір кезекті әңгіме барысында осы Ырғайлы сайдағы көне жазулар туралы айтпасы бар ма?! Содан сол бір белгісіз «құпия жазу мен таңбаларды іздеп бару, өз көзіммен көріп қайту» туралы ой миыма маза бермеді. Әуелі күндегі күйбең тірлікпен жүріп біршама уақытта өтіп кетіпті, міне «Сабақты ине сәтімен» дегендей бүгін осы бір істің ыңғайы келіп тұрған сияқты. 

Жаркенттен шыққаннан тоқ­тамаған қалпы Лесновка, Ең­бек­ші ауылдарын көктей өткен  көлігіміз киелі Китіңге келіп бірақ аялдады. Сар­қыраған тау өзенінің жоғарғы жақтағы өткелінен өте сала бейтаныс адамдарға жолығып, жөн сұ­­радық. Діттеген жеріміз Қай­шының беліне баратын жолды біліп алып, көңіліміз жайланған соң, түскі астың қамына кірістік. Жол бойы Торғай ағамыз сөзге араласпай, тек қысқа ғана жауап қайырып, томаға тұйық отырып келді. Өзен жағасында рахаттанып отырып түстендік, арасында ағамызды сөзге тартып едім, онша әсер етпеді, сол бұйығы күйінде, қалың ой құшағында қала берді. Неге көңілсіз?.. «Қинап қойдық па, жасы келген адамды» деген, ой да келе берді.

Сыртқа білдір­мегенмен ағамыздың көзінен «ішкі жан дүниесінің алай-дү­лей күй кешіп, мазасызданып» отыр­ғанын аңғардым. Әрі қарай мазалауды жөн көрмедім, «не де болса бара көрерміз» деп шеш­тім. Ал жиенім Бекболаттың беймәлім жазу мен суретке деген құштарлығы сондай ерекше көңілді, мына қалпында оттан да, судан да тайынатын түрі жоқ. Жүргізуші баламыз Райымбек пен Айбектің ойларында түк жоқ, олар үшін бәрі қызық, бәрі таңсық. Екеуі зыр жүгіріп ағаларына барынша қызмет көрсетіп жатыр. Өте ізетті, тәрбиелі жастар еке­ні көрініп-ақ тұр, қарап тұрып риза­лықтан жаның сүйсінеді. Өзен жағасындағы көк майсада әзіл­десіп отырып асымызды ішкен соң, Ақшағылдың сайымен батыс жақ­ты бетке алып, Қайшыға қарай тартып кеттік. Жолай мен де ойға берілдім: ...қандай жазу екен ә?.. ...кімдердің қолтаңбасы? Қашан тасқа басылды екен? Жазу... таң­ба... Тоқта! Мен осы жазулар та­ри­хы туралы не білемін? Өзіме өзім сұрақ қойдым, ойды ой же­те­леп, тұңғиыққа батып барамын...

Жазулар тарихы жайлы оқы­ғандарым еске түсіп, бейне­тас­падағы кадрлар тәрізді тізбек­теліп сана арқылы өтіп жатыр. Жазу – қысқаша айтсақ, адамның ойын, қоршаған ортаға көзқарасын біл­діріп, солар жайлы хабар беретін таңбалар жүйесі ғой. Ал тасқа бедерленген бейнелік белгілер ғылымда петроглиф немесе пиктография деп аталады. Сонымен адамзат тарихындағы алғашқы жазу таңбаларының өмірге келуі осыдан 5000 жыл бұрынғы Таяу Шығыстағы Шумер елінен бастау алған-ды. Одан кейінгі 22 дауыссыз дыбысы бар тұңғыш әліпбидің иелері – финикиялықтар екенін де білеміз. Қысқаша қайырсақ, мына ғаламшардағы адам өмірінде жа­зу­дың алатын орны ерекше. 

...Өзіммен өзім болып, тұңғиық ойдың түбінде отырған мені «Ізде­геніміз осы жер, келдік!» деп «саңқ!» еткен Торғай ағамыздың дауысы селт еткізді. Бөктерді қия­лай жолсызбен жүйіткіген көлігіміз, жердің ой-шұңқырына қарамай шоқырақтаған күйі бір киіз үйдің алдына келіп бірақ тоқтады. Жамырап көліктен түсе бастадық, бәріміздің көзіміз тау жақта, тас біткеннің бәрі жазу сияқты елестейді.

Сөйткенше киіз үйден бет-аузын уқалап, көзін сығырайтқан бір жігіт ағасы шық­ты, жөн сұрастық. Ол «бұл жер Күлдіқора, арғы жақтарыңыз Көктасты» деді, қолын батысқа сермеп. Бәріміз ешнәрсеге түсін­бей бір сәт абдырап қалдық, сон­да қалай болғаны?.. Торғай аға­­ның айналаға таңдана қарап «Әй, онда Ырғайлы сай қайда?» деген сұрағына, «арттарыңызда қалды ғой» деп шығыс жақтағы біршама аралықта тұрған биіктеу жартас­ты нұсқады. Ағамыз айналаны көзбен шолып «Сонда қалай адас­тым ба?» деп жан-жағын аңырып қараған күйі тұрып қалды. Тез есін жия қойып, сәлден соң әлгі малшы жігітке «Жақын маңда жазу-сызуы бар тастар көр­медің бе?» деп қайта сұрақ қойды. Малшы «жоқ» деп қысқа қайыр­ды да, тоқтап барып есіне түсті-ау дейім, «Тек мына төбенің ар жағында арабша жазуы бар бір тасты ғана көрдім» деп сөзін аяқтады. Оған жауап ретінде Торғай аға: «Е оны білеміз, ол бір байдың қызына қойылған тас қой, одан басқа ше? Мал қарағанда осы маңды сан шарласа да жан жақтарына кішкене бір зер сал­майды екен ә бұлар...» деп ренжіген кейіп танытты. Сонымен кері бұрылып төбені бөктерлей жүріп отырып, іздеген Ырғайлы сайымызға да жеттік-ау.

Бара сала сол екпінімізбен тоқтамаған күйі сайды бойлап жоғары өрледік, есіл-дертіміз тезірек көне жазуды көру. Шама­мен 150 метр жүрген соң алғашқы жартасқа жолықтық, онда­ғы жазуды менен басқа ешкім байқамады, бәрі жылдам­дата ілгері кетті. Алғашқы жазу жан дү­ниемді жағымды әсерге бөледі, жайлап фотоаппаратымды қолға алып суретке түсірдім. Қытай иероглифіне ұқсайтын сияқты ма, қалай өзі? Жоқ, емес-ау, емес. Содан сайды өрлеп тағы 400 метр жүргенде сайдың екі жағын ала орналасқан үлкен жақпар тастар бірден көзге түсті. Солар шығар деп шамаладым, ізінше менен бұрын жеткен Бекболаттың қуанғаннан мәз болып айғайлаған дауысын естідім. Екі қолын аспанға көтеріп алып қуаныштан жарылайын деп тұр, «Міне жазу, міне сурет!» деп әр тасты бір көрсетеді. 

Жалпы, жартас доға тәрізді үлкен үш бөліктен тұрады екен. Екі бөлігі батыс жағында қатарласқан, ал бір бөлігі шығыс жағында жеке орналасыпты. Ортадағы ашықтан су аққан болуы керек, бірақ осы ашық бө­лікті, алдыңғы жақты жергілікті малшылар жартастың сынған кішкене бөліктерімен қоршап қора жасап алыпты. Шығар есіктің сол жағында ұзын құрық тұр, соған қарағанда жылқы малын қамайтын секілді. 

Жартаста бейнеленген тау­ешкі, атты адам, бұғылар мен ар­қардың суреттері керемет! Ал жа­зуларды көріп таң-тамаша бол­дық. Осыншама ғажайып тарихи ескерткіштердің табылуы, мені аяқ астынан бейне бір алтын көмбеге жолыққандай күйге түсіріп, аңырып тұрып қалдым. Қытайдың, арабтың, парсының, көне түркінің сына жазуларына мүлдем ұқсамайды. Кім, қашан жазды екен? Қай дәуірге тән? Қаншама ғасырларды артқа тастады екен бұл жәдігер? Әттең, тастар да сөйлейтін болса ғой... Сөйлейді олар, сөйлейді, бірақ оған біздің өреміз жетпей тұр-ау!.. Өзіммен өзім күбірлеп сөйлесіп жүрмін, суретке де түсірудемін. Ойымның сан-саққа бөлінгені сондай, ойша әр нәрсенің басын бір шаламын. Тағы бір байқалған ерекшелік жабайы және үй жануарлары жартастың жоғарғы бөлігінде суре­ттеліпті де, төменгі жақ бөлігі біз сөз етіп отырған құпия жазулармен көмкерілген.

Менің өз жорамалым бойынша Сақ, Үйсін дәуіріне жататын сияқты. Иә, сол! Дәл өзі! Жабайы жануарлар Сақ заманы болса, атты адам Үйсіндердікі! Есіме әр сайдың жаңағы Күлдіқора, Ыр­ғайлының аузындағы биік тепсеңде жатқан тас обалар сап ете түсті. Себебі Үйсіндер өлген адамдарды мүрдені су шаймайтын биік төбелер мен тау бөктерлеріне жерлегені тарихта бар. Келе жатып сол обалардың бірнешеуін суретке де түсіріп алған едім. Тағы бір байқаған нәрсем – тастағы суреттер арасынан қолына құс ұс­таған атты адам, яғни құсбегі! Мал бағып саятшылық құру біздің атакәсібіміз екенін бәріміз де бі­леміз, сол сурет астындағы жа­­зу саятшылық, аңшылық немесе мал бағу туралы жазылған деректер болуы да мүмкін ғой. Б.з.б. І-ІІ ғасырларда солтүстігі Бал­қаштан біздің өңірді қоса ал­ғанда оңтүстігі Ыстықкөлге дейінгі аймақты үйсін елі мекен­деген еді ғой. Сол кезеңдегі Қы­тай сая­хатшыларының тари­хи мә­ліметтері бойынша:

«...Үй­­­сіндердің мемлекет басшысы – Күнби (Гуньмо), астанасы – Шығу қаласы (Чигучень) қазақ­ша Қызылаңғар, түтін саны – 120000, адам саны – 630000, әскері – 188800».

Демек, бұл елдің өзіндік мемлекеті, тілі, ордасы, жазуы болды деген сөз. Олар бұл мәліметтердің бәрін аталмыш мемлекет ордасындағы арнайы құжаттардан алған. Неге десеңіз бүкіл үйсін жерін аралап мал-жанын санап шығуға қытай жиһанкезінің өмірінің жетпесін бәріміз де түсініп отырмыз. Сон­дай-ақ 70 мың иероглифтен тұратын Қытай жазуының тұңғыш рет қолданысқа түсуі қазақ елімен шекаралас аумақта іске асқанын тарихтан білеміз. Демек, бұл салада біздің көшпенді бабаларымыздың ықпалының болғанын жасырып қалу мүмкін емес және де бұл жағдай көшпелілердің өзіндік жазу белгілері болғандығынан да хабар беріп тұр емес пе. 

Қорыта айтқанда, осылардың бәрін ой елегінен өткізе отырып, бұл көне жазу «Үйсін жазуы болуы да мүмкін ғой» деген жорамалға тоқтадым. Оған қоса құрметті оқырман, қазақ жерін мекендеген тайпалардың төл жазуының пайда болу мерзімі б.з.д. І мыңжылдық екенін ұмытпаған боларсыз. Әрине, бұл тек өз ойым, бірақ толықтай зерттеуді қажет ететін дүние екендігіне шүбәм жоқ. Жар­тастағы жазу таңбалары мен жануарлар бейнесін суретке түсіруді аяқтап, тағы бір рет әрқайсысын жеке-жеке мұқият қарап шықтым.

Тамаша жаңалық! Алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес! Айналаға риза көңілмен қарап біраз тұрдым да, демалуға тізе бүгіп отырғанымыз сол еді, бұлттан шыққан күндей болып «жарқ!» етіп Торғай ағамыз келді, жүзі жанып тұр, өте көңілді. Бағана біздер жапа тармағай сай бойымен өрлеп кеткенде, ол кісі шаршағандықтан артта қалып қойыпты. Содан біраз демін алып, аптығын басып келген беті осы. Қуаныштан жүзі бал-бұл жанған ағамыз: «Осы ғой біздің іздегеніміз, мана жол бойы жас болса келіп қалды, бұл жаққа келмегеніме де көп жылдар болды (20 жылдан асып кетті), таба алмай қалсам балалардан ұят болатын болды-ау», деп қатты уайымдап едім. Жазулы жартасты тапқанымыз қандай жақсы болды», деп екі қолымен жартас­ты нұсқап жас баладай мәз болып тұр. 

Бірде шоқырақтап, бірде жайлы қалпы қайтар жолмен зулап келе жатқан көлік терезесінен – зеңгір көкке, манаурап мүлгіген алып тауға қарап, қайта­дан еріксіз ойға шомдым: Ойпырмай, «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?» деген рас-ау сірә! Іштей ойды ой қозғап, беймәлім бейнелер мен таңбаға толы жартас қайта көз алдыма елестеді. Әртүрлі сауалдар санамда мың құбылады, бұл жазулар ерте орта ғасырда да жазылуы мүмкін-ау деген «сұрақ» та қылаң берді. Есіме енді түсті б.з. VІІІ ғасырындағы Қарлұқтар заманында Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалық дұғаларын ойып жазып қалдырғандары туралы деректер бар ғой, тарихта. Түркінің Таспар, Ышпара қағандары өз билігі тұсында Будда дініне бой ұрды емес пе?!. Сөйтіп Тибеттен ламаларды алғызып, Будданың қасиетті жазбаларын түркі тіліне аудартып кеңінен наси­хаттаған еді. Бұл жазу сол буд­да монахтарының қолтаңбасы шығар?!.

Енді бұған сол Тибет ламалары жазбаларының бұдан бұрындары Іле өзенінің оң жақ жағалауынан табылғаны туралы деректі қосыңыз. Иә, ол да мүмкін. Әрине бұл терең зерттеп, зерделеуді қажет ететін дүниелер, біздікі тек жоба, болжам ғана. Туған елдің, жердің тарихы біздер мен келешек ұрпақ үшін баға жетпес қазына ғой. Сол құнды жәдігерлерді қастерлеу әр қазақтың азаматтық парызы болмақ. Әр­қашан парызымызға адал болып, «Елі үшін еңбек еткеннің еңсесі биік» деген халық нақылын ту етіп, еліміз үшін аянбай еңбек етейік, ағайын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мем­лекеттігіміз мәңгілік болсын!

Қали Ибрайымжанов
Жаркент

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.09.2018

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін бе? (ВИДЕО)

18.09.2018

11 жылдан кейін қайталанған тарихи кездесу

18.09.2018

Мемлекет басшысы қосарланған салықты болдырмайтын Өзбекстанмен арадағы келісімге өзгерістер енгізді

18.09.2018

Елбасы Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды

18.09.2018

Студент жастардың жатақхана мәселесі шешілуде

18.09.2018

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

18.09.2018

Жеңімпаздар әлем чемпионатына барады

18.09.2018

«Астана» 4 қазан күні өз алаңында Францияның «Ренн» клубымен ойнайды

18.09.2018

Атырауға алғаш рет Елбасының көшпелі көрмесі келді

18.09.2018

Қостанай облысының оңтүстік өңірі егін орағын аяқтап келеді

18.09.2018

Бауыржан Қарағызұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

18.09.2018

Ақмола облысында 61 ІТ сыныбы ашылды

18.09.2018

Әлихан Смайылов Қаржы министрі болып тағайындалды

18.09.2018

«Адырна» республикалық әдеби-көркем ұлттық журналы аламан бәйге жариялады

18.09.2018

Статусты сәйкестендіру керек

18.09.2018

Қостанай облысында адасқан тырна аңшылық шаруашылығына тапсырылды

18.09.2018

Ақмола облысында 2870 орынды қамтитын 11 жатақхана салу жоспарлануда

18.09.2018

Әулиеата аймағында туризмді дамытудың нақты жоспары жасалды

18.09.2018

Құрылыс компаниялары қызығушылық танытуда

18.09.2018

Елімізде жұмыспен қамтылған жастардың саны - 2,1 млн адамды құрайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Búgingi qazaq áıeli

Qazaq áıeli qaı zamanda da qatparly taqyryp bolǵan. Epostyq jyrlar men ertegilerde, jyraýlar poezııasynda qazaq áıeliniń, qazaq qyzynyń asqaq beınesi áspetteldi, sulýlyǵy jyrlandy, jan dúnıesiniń izgilikti qasıetteri pash etildi. Baǵzydaǵy Tumar hanym men Umaı anadan bastap qazaq tarıhy da Domalaq ana, Aıpara ana, Qyzaı ana, beridegi Bopaı hansha men uly Abaıdyń ájesi Zere syndy ardaqty esimderge kenen bolyp kelgeni belgili. Qashannan-aq halyq qasıetiniń qormaly, ulttyń uıaty áıel bolǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу