Үкімет • 11 Қазан, 2017

Биыл елімізде 12 инвестжоба іске асырылады

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева биыл елімізде 12 жоба бойынша жұмыстар жүргізілетінін әңгімеледі. 

Биыл елімізде 12 инвестжоба іске асырылады

Олардың құны 4 млн долларды құрайды екен. 2 жоба жыл соңына дейін іске қосылып үлгермек. «Айталық, «Роллтон-Маревен фуд» компаниясы Алматы облысында өз жобасын қолға алды. Ресейде өнім шығаратын бұл кәсіпорын тез дайындалатын кеспені биылдан бастап елімізде әзірлейді.

Сонымен қатар, Павлодар облысында алюминий шығаруға қатысты жоба бар. Оған «Гисин Хаус» неміс компаниясы жауапты. Жобаның кұны – 4,2 млрд теңге. Бұрын елімізде алюминийдің мұндай түрі өндірілмеген. Тараз қаласында «Химпарк Тараз» арнайы экономикалық аймағы бар. Онда Қытайдың компаниясы глифосат шығаратын зауытты іске қоспақ. Кәсіпорын биыл жұмысын бастайды», деді Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары.

Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»