Үкімет • 12 Қазан, 2017

Сағынтаев Медицина орталықтарының басшыларымен кездесті

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің жетекші ғылыми медициналық орталықтарының директорларымен кездесу өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Сағынтаев Медицина орталықтарының басшыларымен кездесті

Кездесу барысында респуб­ликада медициналық ғылым­ды дамытудың негізгі бағыт­тары тал­қыланды. Соның ішін­де онко­логиядағы персонали­за­ция­­ланған медицина артықшы­лық­тары, білім, ғылым және кли­ни­калық практиканың бірігуі, сон­дай-ақ Қазақстандағы биомеди­ци­налық зерттеулер келешегі қаралды. 

Денсаулық сақтау министрі Е.Бір­танов, Ұлттық ғылыми кар­­дио­хирургия орталығының бас­қарма төрағасы Ю. Пя, А.Н.Сыз­ғанов атындағы Ұлттық ғы­лыми хирургия орталығы­ның басқарма төрағасы Б. Байма­ханов, Қазақ онкология және радио­логия ғылыми-зерттеу инст­и­тутының директоры Д. Қайда­рова, Семей мемлекеттік медици­на­лық университетінің ректоры Е. Жүнісов ағымдағы жағдай, клиникалық зерттеулер жүргізу тәжірибелері мен қазақстандық медицина алдында тұрған міндеттер туралы баяндамаларымен таныстырды.