12 Қазан, 2017

Латын әліпбиін талқылау жалғасын табады - Мәжіліс депутаты

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рухани жаңғырудың бір бөлігі – латын әліпбиін қолданысқа енгізу мәселесі бүгінде қоғамымызда қызу талқыланып жатыр. 

Латын әліпбиін талқылау жалғасын табады - Мәжіліс депутаты

Өздеріңізге мәлім, Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесуінде «Әлемде ешбір ел жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды», деді. Мұны елдегі билік пен халық арасындағы түсіністіктің жарқын көрінісі деп санаймын.

Ал енді өз басым бұл әліпбидің соңғы нұсқа емес, ол әлі де жетіле түседі деп ой­лай­­­мын. Өт­кен­­дегі диграфтармен берген әліп­биге қара­­ған­да жақ­сы, ілгерлеушілік бар. Де­ген­­мен, әлеу­мет­тік желілерде қоғам белсен­ділері мен қара­пайым халық бұл жолғы нұсқада дәйекше­лер­дің көп болып кеткенін айтып, наразылық танытуда.

Негізінен, алда тағы да кеңінен талқылау бола­ды деп сенемін. Ал мені қуантатыны – ха­лық­тың жаппай латын әліпбиіне көшуге деген құлшынысының жоғары болуы.

Бақытгүл ХАМЕНОВА,
Мәжіліс депутаты