Аймақтар • 12 Қазан, 2017

Ақтөбеде инвестициялық форум аясында шеберлік сабақтары өткізілуде

435 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Ақтөбеде басталған «AKTOBE INVEST-2017» V халықаралық инвестициялық форумы шеберлік сабақтарын өткізуден бастау алды. 

Ақтөбеде инвестициялық форум аясында шеберлік сабақтары өткізілуде

Оның аясы бизнес пен кәсіпкерлік істі тиімді түрде жүргізе білудегі сан алуан тақырыптарды қамтыды. Бизнестің қыры мен сырын, оның арғы астарлары мен ішкі иірімідерін қапысыз меңгерген шет елдік және отандық кәсіпкерлер жүргізген шеберлік сабақтары жоғары оқу орындарының студенттеріне бұл істі жаңадан бастағандар мен шағын және орташа бизнестің өкілдеріне арналды.

Оның басты арқауы – өзіңді өзің жаса деген ұстанымға арқа сүйеді. Форумның өту барысы кезінде белгілі болғандай табысты тұлғалар өткізген шеберлік кластары оған қатысушылар үшін ақысыз жүргізілді. Сондай-ақ медальдің екі жағы бар дегендей кешегі бір күндері форум аясында сол әлеуетті кәсіпкерлердің өздері үшін де шеберлік сағатары өткізілгені бесінші басқосудың тағы бір ерекшелігі іспеттес.

Оны Израиль, Мәскеу және Сколково қалаларында арнайы серификатталған бизнес –жаттықтырушылар мен косалтинктік басшылары жүргізді. Аталған шаралар шоғыры Ақтөбе қаласындағы «Атамекен» бизнес-орталығында ұйымдастырылды. «Достық» кәсіпкерлер клубының негізін қалаушы және сертификатталған бизнес-жаттықтырушы Саламат Данабеков кәсіпкерліктің көсегесін көгертуде мұндай кездесулер мен басқосулардың пайдасы мол болатынын айтып берді. Сонымен қатар ол форумды ортаға тасталған жобалардың Ақтөбе аймағында қол жеткізудің тиімді тұстарына тоқталды.

Түйіп айтқанда, мұндай айрықша шеберлік кластары біріншіден кәсіпкерлердің біліктілігін одан әрі көтеруге көмегін тигізсе, екіншіден мұндай қадам қалың жұртышылықтың белгілі бір кәсіпті бастауға деген қызығушылығын туғызбақ. Бизнестің бел ортасында жүргендердің әлеуеті одан әрі арта түсуіне алғышарт қаламақ.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе