Үкімет • 12 Қазан, 2017

Қазақ-қырғыз шекарасында ешқандай шектеулер жоқ

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірқатар БАҚ өкілдері Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаковтың 2017 жылғы 11 қазанда Facebook-тегі жеке парақшасында жарияланған жазбаға қатысты сұраулар түсірді. С.Исаков өз жазбасында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасында болған оқиғаға байланысты келіссөз жүргізгенін хабарлаған болатын. Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Қазақ-қырғыз шекарасында ешқандай шектеулер жоқ

«Біріншіден, Сочида өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Қазақстан президенті мен Қырғыз Республикасының Премьер-Министрімен келіссөздер өткізілген жоқ.

С. Исаков мырзаның жеке парақшасында жариялаған сурет бойынша мемлекет басшысымен аз-кем тілдескенін байқауға болады.

Екіншіден, мемлекет басшысының Қазақстан Үкіметіне шекараға қатысты туындаған сауалдарды алып тастау туралы ақпар шындыққа жанасымсыз. Шын мәнісінде Үкіметке аталған сұраққа қатысты үкіметаралық кеңес өткізу жөнінде тапсырма берілді», делінген баспасөз баянында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекарадан өтуге ешқандай шектеулер немесе тыйымдар қойылмаған. Сонымен бірге, шекарадағы операцияның басты мақсаты - шекаралас аумақтағы заңсыз қызметті тоқтату, лаңкестік, контрабандалық және басқа да қылмыстық әрекеттермен айналысатын адамдарды анықтау, шекара режиміне және көші-қон заңнамасына сәйкестігін тексеру.

Айта кетерлік жайт, Қырғызстанның Шекара қызметі Қырғызстандағы президенттік сайлауды дайындау мен өткізу кезеңінде шекаралық бақылаудың кеңейтілген нұсқасына ауысты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі бұрмаланған ақпараттардың таратылуына қатысты алаңдаушылықты ресми түрде білдіріп, объективті ақпарат беру мәселесінде кез келген БАҚ-пен ынтымақтастыққа ашық болуын растайды.