Қазақстан • 12 Қазан, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және оны одан әрі дамыту перспективасын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Қазақстанның экономикадағы және басқа да салалардағы маңызды стратегиялық әріптесі болып саналатынын атап өтті.

– Биыл елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толып отыр. Осы жылы өзара сауда-саттық көлемі үш есе өсті. Барлық бағыттар бойынша жаңа бірлескен кәсіпорындар құрылуда, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығы нәтижелі болып отырғанын айтты.  

– Орын алған қиындықтарға қарамастан, біз алға жылжып келеміз. Қазақстан – Ресейдің ең сенімді әрі жақын серіктесі. Сонымен қатар, Байқоңыр кешеніне қатысты әріптестігіміздің дамып келе жатқанын атап өткен жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, екі елдің басшылары алдағы кездесулер кестесін талқылап, өңірлік саясаттың мейлінше өзекті мәселелеріне тоқталды.

Владимир Путин мемлекетаралық байланыстарды дамытудың және нығайтудың басты факторы саналатын екіжақты кездесулердің маңыздылығы мен нәтижелілігі жөнінде айтты.