Котто АҚШ боксшысы Садам Әлиге (25-1, 14 КО) қарсы бірінші орта салмақта WBO белбеуін қорғайтын болады. Мигельдің қоржынында 41 жеңіс (33-і нокаутпен) және бес жеңіліс бар.
Мигель Котто бірінші жартылай орта салмақта, жартылай орта салмақта, бірінші орта және орта салмақта әлем чемпионы титулдарын иеленген және Демаркус Корли, Пол Малиньяджи, Заб Джуда, Шейн Мозли, Антонио Маргарито, Рикардо Майорга, Серхио Мартинес сияқты былғары қолғап шеберлерінің сағын сындырған.
«Кәсіби карьерамдағы соңғы жекпе-жегімді Garden аренасында өтізетініме қуаныштымын. Қазіргі деңгейіме жету үшін ұзақ жылдар бойы дайындалдым. Енді 2 желтоқсан күні жеңіске жету үшін аянып қалмаймын», деді Мигель Котто.