Қазақстан • 14 Қазан, 2017

Нұрлан Нығматулин Түркия парламентінің спикерімен кездесті

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санкт-Петербургте Парламентаралық одақтың 137-ші Ассамблеясы аясында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды  Мәжілістің баспасөз қызметі.

Нұрлан Нығматулин Түркия парламентінің спикерімен кездесті

Нұрлан Нығматулин Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Исмаил Кахраманмен әңгімелесу барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Тараптар түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы аясындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге назар аударды. Сонымен қатар заманауи жағдайлардағы парламенттік дипломатияның өзектілігін атап өтті.