Аймақтар • 14 Қазан, 2017

Атырау мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаға əсерді азайтады

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 14 қазанда Атырауда жаңа "Өндірістік" станция мен айналмалы темір  жол пайдалануға берілді. 

Атырау мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаға əсерді азайтады

Атырау мұнай өңдеу зауытынан жүк ағынын қала аумағынан тыс жерге шығаруға мүмкіндік беретін жоба экологиялық, өндірістік қауіптерді сейілтеді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

«РТИ-АНПЗ» ЖШС жобасы көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асқан, зауыт жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.

Компания "Теңдік" станциясын қайта жаңғыртудан өткізді, темір жол, вокзал ғимараты, инженерлік коммуникация жаңартылды, аумақ абаттандырылды.

- Бір кездері цистерналарды буландыру, құю, төгу жұмыстары қала аумағында жасалды. Қазір осы станцияның арқасында бұл жұмыстар қаладан 8 шақырым жерде жүргізіледі. Бұл АМӨЗ-дің қоршаған ортаға əсерін азайтып, қаладағы ауаның тазалығын жақсартады, деді нысанның салтанатты ашылуына қатысқан облыс əкімі Нұрлан Ноғаев.

Жоба аясында 367 жаңа жұмыс орыны құрылды. 

Соңғы жаңалықтар