Қазақстан • 15 Қазан, 2017

«Қайрат» 2017 жылғы Қазақстан кубогын жеңіп алды

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финалда «Атырау» клубымен кездескен «Қайрат» футболшылары 2017 жылғы Қазақстан кубогын жеңіп алды. Жерар Гоу ойындағы жалғыз голды салып, қызыл қағазбен ойыннан қуылды. 

«Қайрат» 2017 жылғы Қазақстан кубогын жеңіп алды

Сурет: KazFootball.kz

Ақтық ойын Ақтөбе қаласында өтіп, 1:0 есебімен «Қайраттың» пайдасына шешілді. Ойындағы жеңіс голын 70-минутта Жерар Гоу соқты. Сөйте тұра, жалғыз голдың авторы ойынның соңғы минуттарында трибунаға көрсеткен қылығы үшін ойыннан қуылды. Бұл кезде ол тың ойыншы Чума Аненеге жол беріп, ойынды сырттан тамашалауға дайындалып жатқан.

Бір қызығы, «Қайраттың» 36 жастағы жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин ұлттық кубокты алғаш рет жеңіп отыр. Ресейлік «Зенит» пен «Кубань», ағылшынның «Арсенал» клубтарында өнер көрсеткен Аршавин команда сапында көптеген жетістікке жеткенімен, ұлттық кубокты ешқашан ұтып көрмепті.

«Қайрат» - Қазақстан кубогын осымен 8-рет иеленіп, рекордсмен болып отыр. Өткен жылы кубокты «Астана» иемденген.