Алматыда Дәурен сал Құдабайұлының 200 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті

Кемел құрылымымен, кең диа­пазон, күрделі ырғақ-иірім­дерімен ерекшеленетін Жетісу ән мек­тебіндегі топжарған тұлғалардың бірі де бірегейі – Дәурен сал Құда­байұлы. 

Егемен Қазақстан
16.10.2017 3512
2

Сал-сері деп әдетте бір басына бірнеше өнер қонған адамды ай­тады. Жетісудағы әншілік музыка мектебінің бастауы, жүзден астам әннің авторы, ақын, 25 жа­сында сал атанған Дәурен сал Құ­дабайұлының есімі досы Сүйін­бай Аронұлы секілді ел ішіне ерте тараған. Нағыз сал мен сері­нің мінезі туабітті қонақтаған Құ­да­байдың баласы күнделікті тірші­лікке мән бермей, шаруаға қыр­сыз болып, әуелетіп ән салуды ғана әдет етіп Алатаудан Бал­қашқа, Шымбастан Күнгеске дейін аты аңыз болып тарағанда жасы әлі отызға ілінбеген де екен. «Өзі Іленің арғы жағына өткенде белбеуінің бір ұшы өзеннің бергі жағында жатады-мыс» деген сөз осы Дәурен салға байланысты ай­тыл­ған. Композитордың даңқы қа­зақ-қырғыз арасына бірдей та­рап, қырғыз музыкасына да біраз ықпалын жасаған. Дәстүрлі әннің дарынды өкілі, ән серкесі Дәу­рен салдың өмірін қысқаша қайы­р­ғанда, осылай сипаттауға болады. 

Жамбыл атындағы Қазақ мем­лекеттік филармониясының Үлкен залында  Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауы­мен Қазақстан Композиторлар қауым­дастығы Жетісу композиторлық мектебінің негізін қалаушы Дәурен сал Құдабайұлының 200 жылдық мерейтойына орай концерт ұйымдастырып, өнерсүйер қауымға жан тебірентерлік әсерлі кеш сыйлады. Концертті кіріспе сөзімен ашқан Қазақстан Композиторлар қауымдастығының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Балнұр Қыдырбек өзі басқарып отыр­ған қауымдастықтың жұ­мысы мен Дәурен салдың шығар­ма­шылығына кәсіби таныммен талдау жасап, оның әндерінің ерек­шелігіне кеңінен тоқталып өтті. «Аты аңызға айналған Қазақ елі­нің біртуар перзенті, композитор, ақын Дәурен сал Құдабайұлын пір тұтып, сөнбейтін киелі рухына тағзым еткен осы концертті Қа­зақстан Композиторлар қауым­дастығының қиындықтарға қажымай, талмай 20 жыл істеген жұмысының нәтижесі деп біліңіз­дер. Тыңдауға ұсынылған шығар­малар симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен латын әліпбиінде жазылған әндер әлем әншілерінің орындауында шартарапқа тарайтыны хақ», деді Балнұр Балғабекқызы.

Сал шығармашылығына ар­нал­ған концертте орындалған әндерді дирижер Мүсілім Әмзе­нің дирижерлігімен Мемлекеттік сим­фониялық оркестр сүйе­мелдеп, композитордың ескі әндері сахна­дан жаңаша сәуле шашты. В.Стри­гоцкий-Пак өңдеген Дәурен салдың әні «Алматы, туған жерім» әнімен ашылып, әрі қарай Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі опера әншісі Талғат Күзембайдың орындауындағы «Жігіттің нар жолдасы», Ж.Аманова нақышына келтіре шырқаған «Үш шоқының аяғы құм болады», «Екі-ай, бек» әндері халық алдында оркестр­мен алғаш рет орындалып жатса да, салдың шығармасының сыны бұзылмағанын оның бір­ден жүректі баурап алғанынан бағам­дадық. 

Концертте Дәурен Құдабай­ұлының әндері мазмұны мен тақы­рыбына қарай өрбітіліп отыр­ды. Себебі композитордың әндері бірнеше топқа бөлінеді. Жастық шақтан басталған лирикалары кейінгі жылдарда терең философиялық дүниелермен толығады. Бұл концерттің ең үлкен ерекшелігі, кеш жүргізушісі кезекті әншіні сахнаға шақырмас бұрын орындалатын әннің тарихымен қысқаша таныстырып отырды. Дәурен Құдабайұлының ғашықтық туралы әндерінің көпшілігі композитордың өмірлік махаббаты, жалайыр елінің қызы Нұрқаға арналған. Екі ғашық қол ұстасып, қашуға бел буады. Көктемде тасып жатқан Іле өзе­нінен өте алмай, мінген екі ат та, қыз да суға кетеді. Жалайыр елі Дәу­ренді ұстап алып, өлтіруге ұйға­рады. Салдың немере бауыры Тайбағар Тұрпанұлы 300 байтал айып төлеп, оны қамалып жатқан жерінен шығарып алады. Бірақ бұл оқиға салдың бүкіл өміріне ұмытылмас дақ салды. Дәурен салдың өмірден бойдақ өтуіне де осы жағдай себеп болады. Тар жерде таяныш, жіңішке жерде сүйеу болған Тайбағар Тұрпанұлы қайтыс болғанда Дәурен сал еңіреп келіп «Көкем» деген ән жазған. 

Туған жерге деген ыстық сезімге толы, жазғы күн, көк жайлауды аңсаған «Сары жазық, біздің жайлау-ай», Алматы, Талғар, Найза­ғара шыңдары суреттелген «Алма­ты, туған жерім», сондай-ақ Бал­нұр Қыдырбек өңдеген «Заман­дас», «Сары бидай» әндерінің тарихы да сал өмірінің әр сәтінен сыр шертеді. Мәселен, «Заман-ай» әні қоғам мен жеке тұлға өміріндегі арпалыс, екеуінің де түбі өтпелі болары туралы ойды толғайды. 

Сондай-ақ бұл кеште тек Дәу­рен салдың ғана емес, онымен бір кезеңде өмір сүріп, Жетісу әндерін биік өреге бірге көтерген за­мандастарының да әндері орындалды. Балнұр Қыдырбек өңдеген Иса Тергеусізовтің «Жетісу, туған жерім» әні, А.Тоқсанбаевтың өң­деуіндегі Кенен Әзірбаевтың «Мен сүйемін халқымды», Пышан Жәл­мендеұлының «Жеңешеме», Тәбия Қаражанованың «Бүлдірген» ән­дері де орындалды. Абай атындағы Опера және балет театры мен «Ас­тана Опера» театрының күміс көмей белді әншілері Г.Сапақова, Ж.Ама­нова, Д.Жолдыбаев халық ком­позиторларына айналған ән әле­міндегі ең жарқын тұлғалардың нәзік лиризм мен шалқыған кең ты­нысты әндерін заманауи орын­дауда арқауын үзбей әдемі жет­кізді. Киелі сахнаны тамыл­жыған әнмен тербеген керемет кеш­тің соңы Б.Қыдырбектің «Рек­виеміне» ұласып, Жетісу сал-сері­лік дәстүрін көркейткен көрнек­ті тұлғаға тағзым жасап,  ән өнер­індегі бабаны бебеулеп іздегендей сағыныш сазымен түйінделді.

Сырттай қарағанда, сері мен салдың өмірі сұлу көрінеді. Бірақ жайнаңдаған жігіт құрған думаны мол дәуреннің артында айналасы аңдамай өткен мұң, тіпті кейде қатпары мол қасірет жатады. Дәурен сал Құдабайұлының шығармашылығына арналған кештен алыс-жақыннан ат арытып келген әр тыңдаушы ән өнерінің тарихынан сабақ тыңдап, салдың басындағы сан қилы тағдырға қанығып, ол баптаған өнердің көмбесіне кезігіп, көркем де келісті тұлғасын жете танығандай желпініп те, серпіліп те шықты.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Халықтың әл-ауқатын арттыру басты назарда

17.10.2018

Сенатор Б.Шелпеков Маңғыстау облысына іссапармен келді

17.10.2018

Финляндияның бірқатар компанияларымен контейнерлік тасымалды дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды

17.10.2018

Агенттіктің аумақтық департаментінде өзгеше форматта кездесу өтті

17.10.2018

Йеменде 18 миллион адам азық-түлікке зәру

17.10.2018

Әміре Қашаубаев фестивалінің бас жүлде иегері 1 миллион теңге алады

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Карл Маннергейм бейіті мен «Батырлар кресі» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

17.10.2018

Елбасы Финляндияға ресми сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті

17.10.2018

Дзюдодан ел чемпионаты Астанада өтеді

17.10.2018

Елеусінов Монте-Карлода жұдырықтасады

17.10.2018

Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

17.10.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік жауынгерлері анықталды

17.10.2018

«Егеменнің» тілшісі Хамит Есаман жүлдегер атанды

17.10.2018

Алматы облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

17.10.2018

Альварес Головкинмен қайта жұдырықтасуға қарсы емес

17.10.2018

Маңғыстауда Қарақия ауданының 45 жылдығы тойланды

17.10.2018

Мемлекет басшысының Финляндия Республикасына ресми сапары жалғасуда

17.10.2018

Kazakhstan Fashion Week сән апталығы басталды

17.10.2018

«Орда» бағдарламасы-әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу