Исландия футболының қызықты 10 дерегі

Келесі жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрама­лардың көбісі анықталып қойды. Енді тек қосымша жолдамаларға иелік ететіндер ғана қалды. Еуро­паға бөлінген 13 кво­таның біреуі Исландияға бұйырды.

Егемен Қазақстан
16.10.2017 4000

Соңғы турда аралдағы елдің футболшылары Косовоны жеңді (2:0). Сөйтіп «I» тобында 22 ұпаймен бірінші орынға ие болды. 1930 жылдан бастау ала­тын әлем чемпионатына қа­тыс­қан құрамалардың ішінде Ис­лан­дия халқы ең аз ел болып отыр. Бұл елде бар-жоғы 330 000 адам тұрады. Бұған дейін осы рекорд Тринидад және Тобагоға тиесілі еді (1,3 миллион адам).

Осы ретте Исландияға қа­тыс­­ты 10 деректі ұсына­мыз:

1. 2016 жылғы Францияда өткен Еуропа чемпионатында Исландиядан 30 мың жанкүйер келген. Бұл елдегі жалпы ха­лық­тың 10 пайызы. Бұған д­ейін Еуропа чемпионатына бір мем­лекеттен осынша жан­күйер келмеген екен. 

2. Еуро-2016 турнирінің топ­­­тық кезеңдегі Аустрия құ­­ра­м­а­­сымен өткен соңғы ойын­­­­ды Ислан­диядағы теле­көрер­­ме­ндердің 99,8 пайызы тамашалаған. 

3. Сол матчты жүргізген ком­­ментатордың дауысы әлем жанкүйерлері есінде ұзақ сақталары анық. Қосымша минутта Исландия жеңіс голын соққандағы перформансы ғалам­торды шарлап кеткен бола­­тын. Айтпақшы, Ислан­дия құрамасының барлық ойы­нын кәсіби футбол жаттық­тырушысы Гудмундур Бене­диктссон жүргізген. 

4. Исландия құрамасы­ның өз қаһармандары бар. Мысалы, қақпашы Ханнес Хальдоурс­сон кәсіби түрде жарнама­мен айналысады. IKEA, Coca-Cola, Icelandair секілді бренд ком­панияларға ролик әзірлеген. – Ханнес 19 жасында біраз уақыт футбол ойнай алмай жүрген. Өйткені ойнайтын команда таппайды. Тіпті үшінші дивизондағы клубтардың бірі «бізде екі қақпашы бар, үшін­шісі керек емес», деп жауап берген, – дейді Исландия құра­масының бас бапкері Хеймир Хадльгримссон. 

5. Исландия құрамасының капитаны Арон Гуннарссон 15 жасына дейін гандболмен айналысқан. Ересектер ара­сындағы чемпионатқа да қатыс­қан. Бірақ кейіннен гандбол­ды тастап, футболды бастап кетеді. Сөйтіп 22 жасында Ислан­дия құрамасының капи­таны бол­ды. Гуннарссон арқасындағы татировкасымен де көпшілікке танымал. 

6. Құраманың бас бапкері Хеймир Хадльгримссон өткен жылға дейін Исландияның Хеймаэй деп аталатын оңтүс­тік аралында дантист болып қызмет атқарған. Бұл жақта 4000 адам ғана тұрады. Қазір­гі кезде Хеймир тек таныстары­ның ғана тісін емдеп береді. 

– Исландияда бапкерлік – әуес­­қой жұмыс. Жалақы төлей­­ді, бі­рақ өмір сүруге жет­­пей­ді. Оның қасында дантис­тің жала­қы­сы футбол бап­кері­нен екі есеге көп, – дейді Хадльгримссон.

7. Исландияда футбол фанат­тары мен командалар арасында өте жақын байланыс орнатыл­ған. Мысалы, мынан­дай дәстүр бар екен: матч алдын­да команда­ның бас бап­кері жанкүйерлер­мен кезде­сіп, негізгі құрамды және ойынға құрған тактикасын таныстырады. 

Команданың бапкері не­ме­се оның ассистентінің спорт-барда жанкүйерлермен кез­десуі төрт жылдан бері қалып­ты жағдайға айналған. Бірақ ол жердің өте қатаң ереже­сі бар: яғни ақпа­рат­ты медиа­ға жа­риялауға, фото немесе видеоға түсіруге тыйым салын­ған. Әлі күнге бірде-бір медиа барда өтетін матч алдын­дағы мәжілістен бірде-бір ақпа­рат тарата алған жоқ.

8. Бес жыл бұрын Исландия ФИФА рейтингінде 131-орында болатын, ал қазір – 22-сатыда.

9. Осындай ғажайып нәти­же­­лер­дің тіркелуіне ойын ал­дын­­дағы мотивациялық видео­­­лар­дың да әсері бар екен. Мұ­ның бәрі футболшыларды пси­хо­логиялық тұрғыдан шыңдайды. 

 «Біз матчтардан кейін әрбір ойын­шының сәтті қи­мыл­дары­­нан клип жасап шығара­мыз. Алаңда өнер көрсет­кен фут­бол­шылардың гол соқ­қан сәті немесе пастары мен финт­тері көрсетіледі. Бір футбол­шыға бес секундтай уақыт беріледі. Музыканы әр жолы ауыс­ты­рып отырамыз. Ал Еуро-2016 чемпионатының топ­тық ке­зеңіндегі екінші ойын­ның алдында басқаша жаса­дық. Бұл жолы футбол­шы­­лар­дың алаң­дағы қимылы емес, олар­дың ата-аналары, бала­лары мен туыс­тарының сурет­терін жи­на­дық. Негізінен стадион­да пла­кат ұстап тұрған фото­лар таң­далды. Слайд-шоу­­­ға баяу му­зыка қойылды. Ко­ман­­­даға бұл видеоны көр­сет­пес­ бұрын өзім бес рет қарап ал­дым. Соның бесеуінде де жыла­­дым, – дейді бас бапкер Хадльгримссон.

10. Исландия футболының осындай деңгейге жетуі – бар­лық деңгейде революцияның жүргізілуінен. 2000 жылдардың басында жас футболшыларды ата-аналары жаттықтырған. Ал 10 жастағы баланы ресми түрде А немесе В категориясы бар бапкерлер дайындайды. Қазіргі кезде елде 848 кәсіби футбол жаттықтырушысы бар. Яғни 389 адамға бір бапкерден келеді. Елдегі футболдың басты инновациясы – футбол үйі. Бұл жерде кез келген ауа-ра­йында доп тебуге болады. Манеждің ішіндегі газонның астын­да жылу берілетін мүм­кін­дігі қарастырылған. 

Алғашқы футбол манежі 2000 жылы салынды. Оны Гейр Торстейнссон есімді футбол федерациясындағы басшылардың бірі тұрғызған. Кейіннен тағы 10 осындай футбол үйі пайдалануға берілді. Жалпы, қазіргі кезде барлық маусымға қолайлы 30 табиғи алаң және 150 жасанды алаң бар. Кәсіби футболшылардың саны 20 мыңнан асады. 

Бек ТӨЛЕУ,
журналист

АСТАНА

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.04.2018

Қ. Тоқаев құқық қорғау саласындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды

26.04.2018

«Алматының жалпы бас жоспарын әзірлеу» тақырыбындағы төртінші форум өтті

26.04.2018

Павлодар облысында  көктемгі дала жұмыстары басталды

26.04.2018

«Самұрық-Қазынаның» басқарушы деңгейдегі қызметкерлері қысқарады

26.04.2018

Астанада Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалығына арналған дөңгелек үстел өтті

26.04.2018

Қыздар Университетінде Қазақстан жас ғалым-педагогтарының республикалық Слеті өтті

26.04.2018

Шымкентте «WorldSkills Kazakhstan- 2018» өңіраралық чемпионаты өтуде

26.04.2018

 «Шәмші Қалдаяқов» фотоальбомы жарық көрді

26.04.2018

Алматыда «Туберкулез эпидемиясын жоюдың жаңа бағыттары» атты халықаралық мәжілісі өтті

26.04.2018

Сенат үш жылдық бюджетке түзетулерді қабылдады

26.04.2018

XV Еуразия Медиа Форумына тіркеу басталды

26.04.2018

Қыздар Университетінде «Дара» арт-галереясы ашылды

26.04.2018

Алматыда педагогикалық-психологиялық түзету орталығы ашылды

26.04.2018

Алматыда шетелдік сарапшылар  «Астана-1» жүйесінің жұмысымен танысты

26.04.2018

Батыс Қазақстан соттары IT технологияны қолданады

26.04.2018

Қазақстанның белді фармацевтикалық компаниясы 3 бірдей стандарттық сертификатқа ие болды

26.04.2018

Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі тағайындалды

26.04.2018

Астана медицина университеті жалған IELTS-пен оқуға түскендердің тізімін жариялайды

26.04.2018

Алматыда баскетболдан ұлттық студенттік лиганың финалы өтті

26.04.2018

Солтүстік Қазақстанда тасқын су қаупі сейілер емес

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Ассамблеяның айшықты қадамдары

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына биыл 23 жылдан асып барады. Еліміз тәуелсіздік алуының елең-алаңында құрылған бұл ұйымның да жылдан-жылға қабырғасы қатайып, бұғанасы бекіп келеді. Қазір ол Қазақстанмен бірге дүние жүзіне танылған айрықша ұйым.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Еркіндік пен енжарлық

Адамды  қалың  ой арбағанда, әсіресе  сол ойы бар болғыр  ақырзамандық көңіл күйдің ауылына қоңсы қонғанда түйінін таппай кәдімгідей дағдаратынымыз бар.  Оралхан Бөкейдің «Атаукересіндегі» Таған сияқты «Неге біз осы?..» деген сынды  сауал байыз таптырмайды. Сосын тұлғалардың бұрынғы айтқандарына үңілесің, өткеннен жауап іздейсің...

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл мен  қауым

Ауыл десе теңіздей аласұрып, жү­рек шіркін алып-ұшып тұрады-ау. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанның көктегі көзі – ғарыш қызметін дұрыс пайдаланып жүрміз бе?

Жақында отандық телеарналардың бірінен, шамасы бұл Парламенттегі Үкімет сағаты болса керек, еліміздің Ұлттық ғарыш агенттігінің жерді қашық­тық­тан зондтауға (байқауға) қатысты түсірілімдерінің сапасы туралы әңгіме болды.

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Киберспортпен күнелткендер

Балаңыз телефон немесе теледидар арқылы түрлі ойындар ойнаса аса қатты қорықпаңыз. Ол қазір еріккеннің ермегі емес. Мұны қазіргі жаһанданған әлемде киберспорт деп атайды. Ғаламтордың дамуымен бірге бұл спорт қазір елімізде де белең ала бастады.

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Алмат Данияров (16.10.2017 13:50:07)

Аталған мәтін ресейлік спортс.ру порталында жарияланған, тек аударып беріп отырсыздар. Түпнұсқаға неге сілтеме жасалмаған https://www.sports.ru/tribuna/blogs/odukhevremeni/1433192.html.

Пікір қосу