Қазақстан • 16 Қазан, 2017

Көгілдір отын қашан келеді?

570 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қол­дауымен Оңтүстік Қазақстан, Жам­был, Алматы облыстары мен Алматы қаласының тұр­ғын­дарын табиғи газбен қам­тама­сыз ету мақсатында «Бейнеу – Бозай – Ақбұлақ» магист­рал­ды газ құбыры жүргізіліп, 2013 жылы пайдалануға беріл­ген бола­тын. 

Көгілдір отын қашан келеді?

Бұл шынында да «ғасыр жобасына» тұрарлық үлкен шаруа болды. Осы жо­баның арқасында бұрын мүл­дем газдандырылмаған Оңтүстік Қазақстан облысының 8 ауда­нын­дағы 284 елді мекеннің 700 мыңға жуық халқы көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған. Ол туралы ресми ақ­параттарда да, бұқаралық ақ­парат құралдарында да та­лай рет айтылып, жазылып, бөрк­і­мізді аспанға ата қуанып, тұр­ғын­дар өз ризашылықтарын білдірді. 

Бірақ 2013 жылдан бері 7 ав­то­матты газ тарату стан­са­лары салынғанымен, бүгін­гі таңда жоспарланған тұрғын­дардың тек 4%-ы, яғни 52 мың халық қана көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Яғни төрт жыл өтсе де тарихи жобаның тікелей ауыл тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсаты орындалмай отыр. 

Жергілікті атқарушы ор­ган­дар арқылы 121 елді мекенді газдандырудың жоба­лық-сме­талық құжаттары дайын­да­лып, 20 жоба құжаттарына мем­­ле­кеттік сараптамадан оң қоры­тын­ды­лар алынған. Барлық жоба­­лық-сметалық құжаттарды әзір­леуге және 5 автоматты газ тара­ту стансалары құрылысы­на об­лы­стық бюджет есебі­нен 16 млрд теңгеден астам қар­жы жұм­­­салған. Осы құжат­тар негі­зін­де 23 елді мекендегі 121 мың­н­ан астам халықты кө­гіл­­­д­ір отын­мен қам­тамасыз ету үшін 10,9 млрд теңге қажеттілігі туын­­дап отыр. 

 Өкінішке қарай Энергетика министрлігі тарапынан облыс әкімдігі ұсынған бюджет өтіні­мі қолдау таппай, 2018-2021 жыл­дарға арналған рес­пуб­­ли­ка­л­ық бюджетке кір­мей қалған. Бұл – аталған жоба­­ның алдағы үш жылда да тұр­­ғын­д­арды табиғи газ­бен қамт­амасыз етуге арнал­ған не­гіз­гі мақ­саты­ның орын­дал­­май қалу қау­пін туды­рып, жоба­лық-сметалық құ­жат­­тар­дың жаса­луы­на кеткен қы­руар қаржы­ның негізсіз шы­ғын болуына әкеп соғуы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысы тұр­ғындарының өтінішін еске­ре отырып, осы мәселеге Премьер-Министр Бақытжан Сағын­таевтың назарын аудар­тып, ауыл отбасыларын табиғи газбен қамтамасыз ету мақ­сатында аталған қаржы көлемін алдағы үш жылдың бюджетіне енгізуге ықпал етуін сұрап, депутаттық сауал жолдадық. 

Әли БЕКТАЕВ,
сенатор