Білім • 16 Қазан, 2017

Жас буынға кітапхана ауадай қажет

732 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақстандықтардың рухани жаңғыруының бірегей жолдарын ұсынды.

Жас буынға кітапхана ауадай қажет

 Бүгін әрбір қазақстандықтың алдында өздігінен білім алу және өз білімін жетілдіру мақсаты тұр және бұл тұрғыдан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бо­йынша қойылған стратегиялық мақсаттарды орындауда маңызды рөл кітапханаларға тиесілі.  

Қоғамда, соның ішінде балалар, жасөспірімдер және жастар ортасында болып жатқан үрдістер мемлекет тара­пынан өскелең ұрпаққа назар ауда­­ры­луын талап етеді. Барлық уақыт­­та кез келген қоғамда жас буын әлеуетті, ресурстық күштердің маңыз­ды, аван­гар­дтық бөлігі болып келеді.
Біздің балаларымыздың болашағы­ның жарқын болуы, бәсекеге қабілет­тілігі, өз бойына адамгершілік және мә­де­­ни салт-дәстүрлерді сіңіруіне бай­ла­ныс­ты болатыны сөзсіз. Балалық шақ­тан бастап, отбасында және кітап­­ханада қалыптасатын білімге де­ген ынты­зар­лықсыз нағыз тұлғаны қалып­тастыру мүм­кіндігі бұлыңғыр. Кітап­хана­шылар­дың түпкі бағыты – қазақстан­дық және әлемдік әдебиеттің аса м­аңызды үлгілері­нің көмегімен бала­лар мен жастардың бойында игі қасиеттерді сіңіру.

 Бұл үрдістің сенімді іргетасы болып балалар, жасөспірімдер және жасөс­пірім-балалар кітапханалары сана­ла­тыны даусыз. Алайда олардың әлеу­меттік маңыздылығы мен әлеуе­тіне қара­мастан елде әдістемелік, талда­ма­лық және үйлестіруші орталығының бол­мауына байланысты балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істейтін орындарда күрделі жағдай орын алуда.

 Қазір Қазақстанда психология­лық-жастық ерекшеліктерін ескере отырып, балаларға, жасөспірімдерге және жас­тарға арналған жас тұтынушы­лар­дың талаптарына сәйкес келетін кі­тап­ханалық-библиографиялық қыз­мет көрсетуді ұйымдастырудың ай­рықша жүйесін, ақпараттық ресурстар­ды қалыптастырудағы сараланған тәсілін, интеллектуалды үзілісті ұйым­дастыруы бар мамандандырылған кітапханалар жүйесін ел көлемінде қалпына келтірудің өткір қажеттілігі туындап отыр.

 Осы мәселенің негізгі шешімі талдамалық, үйлестіруші, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік орта­лық­тың, балалар әдебиетін зерттеу орталығының функцияларын жүзе­ге асыратын – жасөспірім-балалар кітапханасын құруда деп білеміз. Бұл кітапхана жоғарыда аталған функ­цияларды жүзеге асыра отырып, Астана қаласындағы Ұлттық академия­лық кітапхананың бөлімшесі ретінде құрылуы мүмкін.

 Осындай кітапхананы құру елде ақпаратқа тең және еркін қолжетімділік қағидасына негізделген балалар мен жасөспірімдерге қыз­мет көрсетудің заманауи үлгісін қа­лып­тастыруға мүмкіндік береді. Балалар-жасөспірімдер кітапханасын ұйымдастыру қажеттілігі қоғамы­мыздың саяси, экономикалық, әлеу­меттік және рухани өмірінде, тех­ни­калық ойлаудың, ақпараттық және өзге де технологиялардың, сон­дай-ақ кітапханалардың алдына мем­лекет және пайдаланушылардың өз­дері қойып отырған талаптардың дамуында болып жатқан өзгерістерге бай­ланысты екендігі даусыз. Сонымен қатар Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме жұмысының аяқталуына бай­ланысты, соның негізінде Астана қаласында балалар мен жасөспірімдер кітапханасының функциялары мен міндеттерін атқаратын «жасыл кітап­хана» құру мүмкіндігін қарауды Үкіметке ұсындық. 

Динар НӨКЕТАЕВА, 
сенатор