Аймақтар • 16 Қазан, 2017

ШҚО-да инсульт орталығы ашылады

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зырян ауданы тұрғындарына жедел көмек көрсетуге арналған инсульт орталығы 2018 жылы ашылады. 

ШҚО-да инсульт орталығы ашылады

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Аймақ басшысы Даниал Ахметов ауданға жасаған жұмыс сапарында денсаулық сақтау басқармасы басшылығына мәселені жан-жақты зерделеп, арнайы ғимарат әзірлеуді тапсырды.

«Мәселен, Күршім ауданындағы Марқакөл ауылы орталықтан 140 шақырым қашықтықта орналасқан. Бірақ, ол жердегі босандыру бөлімі не себепті жабылғаны түсініксіз. Қайта ашуды тапсырамын. Тұрғындарға мұндай алыс жерге қатынау қолайсыз және үлгермей қалулары мүмкін. Бұл жағдай инсульт орталығына да қатысты. Ол xалыққа қажет. Мейлі құны 500-600 миллион болсын, біз қаржы бөлеміз», - деді Даниал Аxметов.

Аймақ басшысы сондай-ақ, Зырян қалалық ауруxана негізінде ашылатын орталық барлық қажетті заманауи құрылғылармен толық жабдықталу қажеттігін ерекше атап өтті.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы