Әлем • 17 Қазан, 2017

Қазақстан мен Хорватия арасындағы ынтымақтастық нығая береді

469 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан және Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай Загреб қаласында бірқатар шара өтті.

Екі елдің Сыртқы істер ми­нис­трлерінің орынбасарлары – Ро­ман Василенко және Вице Скра­чичтің қатысуымен болған бұл кездесуде мемлекеттердің өза­ра әрекеттестігін екіжақты ынты­мақтастықтың барлық бағыт­тарында және халықаралық аренада кеңейту мәселелер болды.

Басқосуда шарттық-құқықтық негізді кеңейту және әуе қаты­на­сы, ауыл шаруашылығы, энер­ге­тика, туризм, білім және мәде­ниет салаларында екіжақты келі­сімдерге қол қою туралы уағда­лыс­тықтарға қол жеткізілді. Тарап­тар парламентаралық, ведо­мствоаралық және аймақаралық қарым-қатынастарды, іскерлік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға белсенді түрде жәрдемдесуге келісті. Осы тұрғыда алдағы уақытта Астанада Хорватияның елшілігін ашу маңызды қадам болмақ.

Р.Василенко 2017-2018 жыл­дар­дағы Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесіндегі қызметі, ха­лықаралық қауіпсіздікті нығай­ту­дағы Астананың үлесі, сирия­лық дағдарысты реттеу жөніндегі Астана процесінің рөлі және Қазақстанның тағы басқа сыртқы саяси қызметі туралы баяндады.

БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа ха­лық­­­аралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері де тал­қыланды. Негізінен Хор­­ва­­­­тия жағы Қазақстанның ядро­­­­лық қарусыздандыру мен тарат­­­­пау, халықаралық және ай­мақ­­­­тық қауіпсіздік пен тұрақты­лық­ты нығайту, сондай-ақ мә­де­ниетаралық және конфес­сия­аралық диалогты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайды.

Шара қорытындысы бойынша қос елдің министрлерінің орын­басарлары 2018-2020 жыл­дарға арналған Қазақстан және Хорватия Сыртқы істер минис­тр­ліктерінің арасындағы ынты­мақтастық жоспарына қол қойды. Сон­дай-ақ қосарланған салық салу­ды болдырмау туралы келі­сім­нің қол қойылған мәтінімен ал­мас­ты, білім және мәдениет, туризм, энергетика, ауыл шаруа­шы­лығы, әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттар жобаларын келісу бойынша уағ­даластықтарға қол жеткізілді.

Сапар аясында қазақстандық дипломат Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер жөніндегі ми­нистрлігінің саяси мәселелер бойынша мемлекеттік хатшысы Здравка Бушич, Хорватия пре­зи­дентінің кеңесшісі Матэ Гранич, Хорват мұсылмандар одағының бас мүфтиі Азиз Хасановичпен кездесті.

Сонымен қатар Дага Хам­мар­­шельд атындағы Диплома­тия және халықаралық қаты­нас­тар жоғары мектебінің профес­сор­лық-оқытушылар құрамы және сту­денттер алдында сөз сөй­ле­ген Р.Василенко Прези­дент Н.Ә.Назарбаевтың халық­ара­лық қауіпсіздікті нығайту бағы­тын­дағы зор үлесін атап өтті.

«Егемен-ақпарат»